Отырып қалатын болдым деп уайымдаймын

Oinet.kz 09-11-2022 2959

…Тығырыққа тірелдім. Не істерімді білмеймін. Әміржанмен бірге жүргенімізге екі жыл болыпты. Бірақ, осы уақыт аралығында онымен бірге ел алдына шықпаппыз. Ол мені өзгелерге көрсеткісі келмейтін сияқты. Үйленейік деп те айтпайды. 

Screenshot_11.jpg

Ал, мен болсам жасымның 27-ге келіп қалғанын ойлап қынжыламын. Қолымды бір сілтеп онымен ара қатынасымды үзейін десем қимаймын. Сүйемін. Бір-екі рет телефон тұтқасын көтермей, бір-екі ай көріспей кеткен кездеріміз болды. Алайда, шыдамым жетпей, оған өзім хабарласып, келуін өтінемін. Өстіп өмір өтіп жатыр. Жалпы, мен өмірдегі ең қымбат дүние – уақыт деп есептейтін адам едім. Сондықтан, Әміржанмен бірге бос өтіп жатқан екі жылды ойласам ішім қан жылайды. Кейде тіпті “екі жыл бұрын тұрмыс құрсам қазір балалы да болып алар ма едім” деп ойлаймын. Осы ойым туралы сүйіктіме де бірнеше рет айттым. Ал, ол болса мардымды жауап қатпайды, не “үйленеміз, күт” демейді, не “мен саған үйленбеймін” деп кесіп айтпайды. Қала берді оның бір досын да танымаймын. Ол болса менің құрбыларыммен танысудан қашқақтайды. Ата-анам, туыстардың барлығы “қашан тұрмысқа шығасың” деп мазамды қашырады. Ішкі сезімім “ол саған ешқашан үйленбейді” деп дабыл қағады. Тіпті оның мені сүймейтіндігін де сеземін. Ол мені қуыршақ секілді көретін сияқты. Мұның барлығын ақыл құрғыр анық біледі, бірақ жүрек ақылды тыңдаудан бас тартады. Не істеймін? Қалай ара қатынасымызға нүкте қоюға болады?

Жадыра, Алматы қаласынан

Әкесі тастап кеткен қыздардың бәрінде осы тағдыр ма?
Мен үшін өмірмен күресудің мәні қалмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу