Жеңгемнің өсегі әбден тойдырды

Oinet.kz 20-11-2022 3852

Менің қолыма қалам алып, сыр шертуіме жеңешем себеп болып отыр. Ол біздің шаңыраққа келін болып түскелі 6 жыл болыпты. Сол уақыттан бері ол бетімізге күлгенімен, сыртымыздан небір өсектерді бықсытып жүргенін естісек те, үндемей келеміз.

Screenshot_5.jpg

Ол осыдан 2 жыл бұрын кезекті өсектерінің бірінде ата-анамыз туралы "ертең қыздары тұрмысқа шықсын, сосын қор қылам оларды!" дегенін естіп, жағамызды ұстадық. Солай айтқанын өзіне айтып едік, ол әкем мен күйеуіне өтірік жылап, сөздеріне сендіріп, оларды бізге қарсы қойды.

Сол жағдайдан кейн ол-шешесімен екеуі менің ағамды, яғни күйеуін дуалап алды. Біз ағамдағы өзгерістерді байқап, жақсы білетін емшіге барғанда естідік. Жеңгеміз Қарақалпақстаннан қоныс аударған. Өзбекшілік қасиетті бойларына сіңдіріп өскен. Оның жағымсыз қыдықтарын айта берсек көп, үй шаруасына өте ұқыпсыз әрі салақ. Үйге қонақ келсе жақтырмайды. Бөлмесіне кіріп кетіп, шай дайында деп шақырғанша шықпайды. Есі-дерті теледидар және телефон. Шешесіне ішіп-жегеніне дейін хабарлап отырады. Осындай мінездерін көрсе де анам мен әкем балаларының бақыты үшін үндемейді. Ал жеңгем болса оларды кім көрінгенге жамандайды. Мен бәрін естіп қалам, жамандап жатқандарын. Бірақ әкеме айтуға қорқамыз. себебі, келіні Алланың және қайтыс болған әкесінің атын айтып, ант-суын ішіп жылайды. Содан екіортада біз өтірікші болып қаламыз. Күйеуіне де бізді жамандап жатқанын талай естігенбіз, бірақ амал жоқ. Біздің жанымызға бататыны анам мен әкемнің және ағамның жағдайы. "Шешесін көріп, қызын ал" деген. Шешесі өте нашар адам. Менің жеңешемнен кейінгі сіңлісі екіқабат болып босаға аттаған. Екі айдан соң ата-енесімен бет жыртысып, күйеуін алып бөлек кеткен. Оның ата-енесі де жақсы адамдар екен. Бірақ олардың келіндері де біздің жеңгеміз сияқты дуалап алғаны сөзсіз. Себебі, Әжесі мен шешесі оңбаған адамдар, қыздарымен қосылып күйеубаласына дуа жасататын. Аллам, осындай Имансыздардан сақтаса екен!

Индира, Алматы облысы

alashainasy.kz

Күшік күйеу болудан арланбаймын
Жұбайымдікі тым артық болып барады...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу