Күйеуім өмірімде бір рет қол көтерген еді

Oinet.kz 02-12-2022 2032

Мен 2017 жылы сүйіп қосылған жарымнан 2022 жылы ажырасып келіп отырған жайым бар. Жолдасым мені, мен оны шын сүйеміз. Бірақ арада сəби болмаған соң жағдайымыз қиындап, үйіміз ұрыс-керістен арыла алмай қойды. 

Screenshot_1.jpg

Бізде бəрі де болды, үй, машина, өзіміз қалаған қызметіміз де. Тіпті басқа ене мен келіндей ұрысып, ренжісіп те көрмеппіз. Мен атам мен енемді өз əке-шешемдей жақсы көремін. Жəне ол кісілерде мені басқа келіндерінен бөлектеген емес. Тек Алла Тағала бізді жанды жерімізден қысты...

Анығырақ айтқанда, ол маған өмірінде 1 рет қол көтерді. Сол 1 рет көтерген қолдың нəтижесінде біз сəбиімізді жоғалтып алдық. Ертесіне менен көп мөлшерде қан кетіп, баламыздан айырылып қалдық. Ол оқиғадан кейін де бірнеше аурухана, қазақи емшілердің табалдырығын тоздырдық. Барлығы да үмітті үзбеңіздер, əлі де сəбилі боласыздар деп шығарып салады. Ең қиыны жолдасым қазіргі ЭКО дегенге сенбейді. Мен оған бірнеше рет бауырымызға баланы басып алсақ қайтеді деген де ұсыныс жасадым. Бірақ ол маған тек өз балам керек, мен өгей балаға əке болатын азамат емеспін дейді. Енді мені қинайтыны ол 1 ай өтпей-ақ мені мазалап, хабарласуын тоқтатпады, міне қазір ажырасқанымызға 8 айдан артық уақыт болды. Жолдасымды да бір есептен қимаймын, əрі аяймын. Кімнің үйінің есігін сығалап тамақ сұрап, кімнің қас-қабағына қарап кірін жуғызды екен деп.... Бір есептен қосылған күні сəбилі бола алмасақ, қуанышымыз да ұзаққа созылмайды-ау деп тағы қорқам... Əпке-сіңлілер, мен сіздердің кеңестеріңізге зəрумін. Қандай ақыл қосасыздар?

Alashainasy.kz

Баласы бар әйелге қалай үйленерімді білмей жүрмін
Үйленбеген азамат ажырасып келіп отқан менің қолымды сұрап жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу