Үйленбеген азамат ажырасып келіп отқан менің қолымды сұрап жүр

Oinet.kz 03-12-2022 14470

Үлкен әпкелердің ақыл кенесіне мұқтаж болып отырмын. Анама айтайын десем қысыламын. Жасым 26-да. Ажырасқаныма 2 жыл болды. Күйеуім алимент төлемеймін деп сол кезде боқтап, нөмірін, адресін де ауыстырып басқа қалаға әйелімен көшіп кетіпті.

Screenshot_9.jpg

Сот орындаушылар ата-анасынан сұраса, біз ештеңе білмейміз деп отыр. Міне, 2 жыл өтті, ұлына бір тиын көмек берген емес. Бірақ әңгіме бұл жайлы емес. Ұлымды бағып қағу үшін өзім жұмысқа шықтым. Ұлымды анама тастап жұмыс жасап жүрмін. Басқа жігітпен танысып, отбасын құру ойымда да болмаған еді. Осы бір ай болып қалды, 32 жастағы жұмыста бірге істейтін жігіт сөз салып жүр. Құда түсіп алам деп отыр.

Мен 2 жыл ішінде ер адамынан қатты суынғанмын, Сондықтан ба әлгі жігіттің сөзіне сене алмаймын. Маған жылы сөздер айта бастаса, ұрысып кетемін өзімнен-өзім, бірақ оған түсіндірдім, сен үйленбеген жігітсің, сен өз теңінді табуың керек, өтінем жұмыс орнында менімен кездесу жолын іздемеші дедім. Мен туралы жұмыстағылар жаман ойлап қалар деп едім, ол қатты ашуланып, үстелды бір ұрып, "өсектеген адамдарға түкіргенім бар" деді де кабинеттен шығып кетті.

Кешкісін үйге келіп жоспар толтырып отырсам, бөтен номер хабарласты. Телефонымды алып едім, ар жағынан үлкен әйел адам даусы шықты. "Айналайын қызым, мен Қанаттын мамасымын. Ұлым жақсы жігіт, ішпейді, шекпейді, адал жан. Өзің де білесің жанында жұмыс істейді, ризалығыңды бер, сырға салып алайық сені" дей бергенде, мен тоқтаттым.

"Әпке, мен тұрмыста болған қызбын, ұлым бар" десем, "біз бәріміз өмірге қонақпыз бүгін бар болсақ, ертең жоқпыз, балам дұрыс таңдау жасап отырған шығар деп сенемін", деп ағынан жарылды.

Менің уайымдайтыным – ұлымның болашағы, оны ешкімге жалтақтатпай өсірем деп уәде берген едім өзіме. Анам әр сөзінің бірінде: "Тез кұйеуге шықсаң болар еді, келіндерге ұлыңды түртпектеткім келмейді" деп отырады.

Мен үйден таңертең кетіп, кешке келем. Мереке сайын анама, келіндеріме сыйлық жасап, көңілдерін аулауға тырысам. Егер тұрмысқа шықсам, өгей әкесі, басқа да туыстары ұлыма қалай қарайды екен деп алаңдаймын.

Сәуле, Тараз

Alashainasy.kz

Күйеуім өмірімде бір рет қол көтерген еді
Аяғым ауыр кезде күйеуім пышақ кезенді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу