Күйеуім әр ісімнен бәле іздеп тұрады

Oinet.kz 03-02-2023 1605

Сәлеметсіздер ме, шығарып жатсаңыздар рахмет. Менің жасым 23-те, тұрмысқа шыққаныма 1 жылдан асты. Аллаға шүкір, бір қызым бар. Мендегі мәселе — күйеуім. Оған не істеп көңілін табарымды білмеймін уже.

Screenshot_3.jpg

Әрбір нәрсеге бәле іздеп тұрады, кейде менің кемшілігімді іздеп тапса, қуанатындай көрінеді. Бір аптада 1күн демалады. Сол демалысын асыға тосамын, күйеуім қасымда болады, деп. Бірақ ол достарымен қыдырып кетеді.

Неге бізбен болмайсың десем, тағы қырыламыз. Оған ренжісем де, жыласам да, мұңымды айтсам да, бір рет болсын түсінген емес.

"Неге кө*ің тырысады, көрсетпе маған мінезіңді", деп боқтап тастайды.

Егер сөз қайтарсам ұрып тастайды. Не істерімді білмеймін, қанша өзгерсем де жақпаймын.

Қыз кезімде керім, қырсық жігіттерді менсінбей жүруші едім, қазір қатты жүрегім ауырады. Ақылдарыңызды қосыңыздаршы, қалай көңілінен шығамын?

365info.kz

Жалған айып тағып, пәленбай жылға қаматып жіберген қойнымдағы қатыным екен
Күйеуім өзін көңілдесімен бірге қабылдауым керек екенін айтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу