Дені сап-сау бола тұра 8 жыл жындыханада өмірін өткізген ару шындығын айтты

Oinet.kz 01-06-2023 2727

Балалар үйінде тәрбиеленген, сап-сау қызды асырап алған анасы ақыл-есінде кемістігі бар деп жындыханаға жатқызған. Бұл туралы Маржан Ермекқызы "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Маржанды ата-анасы туа сала бөбектер үйіне тапсырған. Алматы қалалық 1 балалар үйінде тәрбиеленген оны асырап алған өгей анасы 10 жасында сап-сау болса да, жындыханаға жатқызған. 

"Біз бен сіз білмейтін тағдырлар көп. Менің жолымда мен секілді дені сау болса да жындыханада жатқан бір қыз кездесті. Менен 2 жас үлкен орыс қыз. Ол мені апайларым әкеп тастады деп айттты. Менің түсінігім бойынша, сен сондай мекемеде жатқаннан кейін сенде мүгедектік болады, сол мүгедіктікке ақша алып отыру үшін апарып тастайтын шығар деп ойлаймын. Негізінен сондай мекемеде жататындар балалар үйінің балалары. Қорғауы мен сұрауы жоқ болғаннан кейін оларды сондай жерге апарып тастауға болады. Мен 10 жасымда сол жерге түстім, 19 жасымда шықтым. Сау деген қағазды жақында ғана 10 наурызда алдым. Бұл өте қиын жол болды", - дейді ол.

«Өзінің құрған жоспары болған ғой»: 10 жыл бойы туған әкелері зорлаған қыздарға қатысты тың дерек
Жұрт «өзің сұмдық пысық едің, келінің ештеңе білмейді, қалай шыдап жүрсің?» деп енемді табалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу