Өзімді жігітімнің сезімдеріне лайық еместей сезінемін

Oinet.kz 11-06-2023 3135

Маған ақыл кеңес керек. Жасым 23-те. Оқуымды бітірдім, жұмыс істеймін. Жігітім бар, кездесіп жүргенімізге 4 ай болды. Ол менің алғашқы жігітім. Ол мені қатты жақсы көреді, оны білемін. Үй ішімен таныстырып қойған. Келесі жылы үйленеміз дейді. Мен үшін бәріне дайын, оны бірнеше рет дәлелдеген.

Screenshot_1.jpg

Ал мен оны жақсы көремін ба, білмеймін...

Жалпы адамның сенің өмірлік маxаббатың екенін, тағдырыңа жазылғанын қалай білуге болады? Оны көп іздемеймін, сағынбаймын. Кейде xабарласқанда мүлдем сөйлескім келмейді. Өз өзімді түсінбедім.

Ол өте жақсы жігіт, ішпейді, шекпейді, жағдайы керемет болмаса да, талпынысы мықты. Мақсаттары көп. Кейде өзімді оның сезіміне лайықсыз көрем. Ол бақытты болуға лайықты, ал менің оны бақытты ете алатыныма күмәнім бар.

Оны себепсіз көп ренжітем, ол үнемі кешіреді. Байланысымызды үзуге тырысып та көрдім. Ол "сені жібере алмаймын" деп келіспеді. Үнемі сені бақытты ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын деп айтып отырады.

Бір жағынан, басыма қонған бақты тепкендей болмайын деймін. Бірақ жүректе еш сезім жоқтай көрінеді.

Ұнату мен сүю екеуі екі бөлек дүние деп жатады ғой. Мен өзімнің сезіміме сенімді емеспін. Ертең өзім шын сүйетін адамды кезіктіріп қалсам ше? Өзім сүймейтін адаммен өмір бойы қалай бірге тұрам? Әлде уақыт өте келе сезім күшейіп, жігітімді жақсы көріп кете аламын ба?

Менің не істеуім керек? Кеңес беріңіздерші...

Аноним

Alashainasy.kz

Сәбиді не үшін қырық күн тұзды суға шомылдыру керек?
Тұрмысқа шыққан күннің ертесіне күйеуіне талақ айтып, одан ажырасып кеткен әйел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу