Тұрмысқа шыққан күннің ертесіне күйеуіне талақ айтып, одан ажырасып кеткен әйел

Oinet.kz 21-05-2023 2365

Бір жігіт үйленіпті. Үйлену тойының бірінші күні өзі, жаңа келіншегі және анасы үшеуі дастарxан басына жиналыпты. 

Screenshot_21.jpg

Күйеуі дастарxан басында жаңа келіншегіне ерекше құрмет көрсетіп үлкен-сәнді кесемен тамақтың ең құнарлы жерін ұсыныпты. 

Ал анасына көңіл аудармастан, қарапайым кесемен  тамақтың қарапайым жерінен ұсыныпты.

Бұны сезген текті әрі дана келіншек, күйеуіне:

 «Менің талағымды беріңіз, сізбенен ажырасамын», - депті.

Күйеуі сүйіп қосылған келіншегін алған шешімінен қайтарамын деп көп жалыныпты, ақыры болмағасын күйеуі мұндай шешім қабылдауының сырын білгісі келіп далбасалап сұрағанда келіншек:

 -Бұрыңғылар "Қанына тартпай тумайды, - деген екен. «Қалай жазаласаң солай жазаланасың»,- деген ескінің сөзі де бар. Мен сізден бала тапқым келмейді, өйткені егер бала тапсам, қазір анаңыз қорланғандай менде ертең қорланамынба,- деп қорқамын." - депті.

Сонымен келіншек ол жігітпен ажырасып, анасына мейірбан-жақсылық жасаушы бір жігітке тұрмысқа шығыпты.

Арадан біраз жылдар өтіп, күндердің-күнінде керуенде түйенің үстіне қойылған түймешеде, бала-шағасының қызметінің аясында келе жатып, керуеннің соңында жаяу келе жатқан қараусыз бір шалға көзі түсіпті...

Сонда әйел:

"Ана ақсақалды қасыма алып келіңдер, - деп бала-шағасына бұйырып, шалды шақыртып алыпты. Сөйтсе ол бұрынғы күйеуі екен... Ол әйел жаңағы шалға қарап:

- Мені таныдыңызба? - деп сұрапты.

Сонда шал:  Жоқ, - депті. 

Сонда әйел:

-  Мен сіздің бұрынғы келіншегіңізбін, мен сізге сол кезде; «Қанына тартпай тумайды. Қалай жазаласаң солай жазаланасың»,- деп айтпаппа едім. 

Міне қараңыз, менің бала-шағам қалай қызметімді атқарып жүр, ал сіздің қартайған кезде жаныңыздан табылуы тиіс бала-шағаңыз қайда? – депті де,

«Сауап үшін мына ақсақалғада қамқор болыңдар», - деп бала-шағасына бұйырыпты.

Абу Жағфар: «Кей келіншектер үйде күйеуі өз анасынан келіншегін абзал қойып жатса, марқаяды. «Мені сүйед екен, мен үшін бәрінен баз кешеді екен», - деп көкірек қағады.

Бірақ бүгін келіншегі үшін анасынан баз кешкен жігіттен ертең өзінен де баз кешер бала табарын қиялынан тыс қалдырады»,-депті.

 Атам қазақ: «Атаңа не істесең, балаңнан сол келер»,-деген еді.

"Жəннəт АНА лардың аяғының астында" . Аналарымызды құрметтейік Ер азаматтар.

Еркек Анасын құрметтемесе қатыны қайдан құрметтесін.

Өзімді жігітімнің сезімдеріне лайық еместей сезінемін
Әкем - балдақты адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу