Сүйген жігітіме менен бұрын өзге қыз бала туып берді

Oinet.kz 07-06-2023 1735

Жəй ғана ішімде болып жатқан сезіммен, алай-дүлеймен бөлісіп, жеңілдегім келеді... Заман ба, адам ба өзгерген ақтарылып сырыңды айтар жан табылмай қалғаны жанымды ауыртты.

Screenshot_1.jpg

...Бүгін ол алғаш рет əке атанып жатыр... Сенің балаңның анасы болсам деген арманым арман болып қалды, енді сен басқа жаннан туған баланың әкесісің. Бұл жаңалықты 3-4 айдай хабарсыз кеткен оның аузынан естідім... Өкіріп жыларымды, не күлерімді, қуанарымды білмей, өзімді музыкамен алдаусыратып мен отырмын. Не үшін жылаймын, бұйырмаған бағым үшін ба? Оны шын сүйгенім үшін ба? Əлде сүймеген жанға тұрмысқа шыққаным үшін ба?

Ер адамның əлсіздігінен, тойымсыздығынан, ақымақтығынан қазір екі жақта жүргеніміз жоқ па? Ол басқаға үйленуге мəжбүр болды. Мен оны басқаға жіберуге мəжбүр болдым. Өйткені, еш кінәсі жоқ сәбиді әкесіз қалдыра алмадым. Ал сен үйленген соң да мазамды алуды қоймадың. Мені де сүймген адамыма тұрмысқа шығуыма мəжбүрлеген өзің емес пе?

Енді не себепті қайта көріндің? Неге менің басқамен бақытты болатыныма сенбейсің? Неге тағы мені сүйем деп алдайсың? Жарыңды неге ойламайсың? Мені күнəһар етпеші. Біздің бірге болуымыз мүмкін емес... мен сүймесем де ол адамға адалмын... Ол мені сүйеді, сондықтан мен бақыттымын... Мені жарым шынайлығым үшін сыйлап, сүйеді. Мен де оны шынайлығы үшін сыйлаймын..

...Дүниеге келген періште қызың мені ешқашан ұмыттырмайтынын білемін, енді сол қызың саған алданыш болсын. Жарыңа бақыт сыйла, мен сені енді ойламаймын. Сен менің бұйырмаған бағымсың.

Динара

Alashainasy.kz 

Күйеуімнің ауру анасы басыма бәле болды. Қалай құтыларымды білмеймін
Осыдан кететін болсаң, баланы өлтіремін, болмаса өзіңді өлтіремін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу