Осыдан кететін болсаң, баланы өлтіремін, болмаса өзіңді өлтіремін

Oinet.kz 08-06-2023 4423

Мен өз басымдағы жағдайды айтайын деп едім. Отбасым бар, Кұдайға шүкір бір ұлым бар. Өзім үйде отырамын баламен, жолдасым бір өзі жұмыс жасайды. Бір жалақысы айдан айға жетпейді. Жұмыс істейін десем қарсы, үйден аттап шыққанымды қаламайды.

Screenshot_2.jpg

Жағдайымызды жасап отырса, үйде отыра беремін ғой. Оның үстіне ішетіні бар. Екі күннің бірінде ішіп келеді үйге. Тыныш ұйықтап қалмайды, мазамызды алады, балаға да, маған да ұйқы жоқ. 4 жыл болды міне осылай жалғасып келе жатыр.

Ешкіммен араластырғысы келмейді. Дос қыздарымның бәрі қашып кеткен, осының мінезінен келуге қорқады. Бір рет қыдырып келген дос қызыма "немене бай тауып беруге келдің ба" деп айтпағаны жоқ. Содан бері жоламайды ешкім, алыстан ғана араласамыз. Тіпті өз төркініме жібермейді. 5 ай болды міне, туыстарымның ешқайсысын көрмедім, әйтпесе төркінім 2 сағаттық жер. Туыстарыммен араласудан қалдым. Бауырларымды да үйге келітірмейді, жамандап есі шығады. Торға қамалған құс сияқтымын, үйде күнделікті қайталана беретін тірліктен шаршаймын, зерігемін. Сондықтан анда-санда болса да туыстарымның үйіне барсам, соңымнан ішіп іздеп келеді.

Бар тапқан ақшасының жартысын ішеді. Сау кезінде де талай рет ішпеші деп жалындым, барлығын түсіндіруге тырыстым. Оған отбасынан да арақ қымбат. Шаршадым әбден, үйден береке кетті. Тыныштық жоқ.

Шыдамның да шегі бар ғой. Айқай-шуды көріп өсіп келе жатқан баланың ертең болашағы не болмақ? Баланы алып кетіп қаламын, ажырасамын деп те айттым. "Осыдан кететін болсаң, баланы өлтіремін, болмаса өзіңді өлтіремін" деп қорқытады.

Бұдан әрі қарай қалай өмір сүрем, білмеймін. Ол ішіп алса, көзі көрмей қолына келгенді лақтырады, тіпті кесірленіп тамақты да төгіп, ыдыстың бәрін шағып болды. Міне менің өмірім осы, қорлық көріп жатқаным.

Басқаларға қарап қызығамын, неге біз осындай емеспіз деп. Менің сыртымнан күлмеңіздерші. Сіздерден ақыл сұраймын. Менің өмірім бір Құдайға ғана аян... Не істерімді білмеймін...

Аноним

Alashainasy.kz

Сүйген жігітіме менен бұрын өзге қыз бала туып берді
Алматыда ресейлік азамат әйелді қан-жоса етіп ұрып соққан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу