Жеңгеммен үйдегілерге ұсталып қалып, масқарамыз шыға ма деп уайымдаймын
Жасым жиырма бесте. Өзімнен екі жас үлкен ағамның үйленгеніне көп уақыт болған жоқ. Жеңгем айдай сұлу, көрікті, мінезі жайлы Ақтаудың қызы болып шықты. Өзі менен үш жасқа кіші.
Жеңгем үйіміздің босағасын аттағалы бері ақыл-есімді жаулап алды. Оны күндіз-түні ойлап тұрамын. Маған жымия қараса болды, елжірей кетемін. Жеңгемді ағамнан қызғанамын. Екеуінің түнде бөлмелеріне кіріп бара жатқанын көріп, мүлде жынданып кете жаздаймын. Төсекте қосылатындарын ойласам, тіпті есім кетеді. Сондай сәттері ағамның жоқ болып кеткенін қалап кетемін. Оның орнында болғым келеді.
Уақыт өте келе жеңгемнің маған өзгеше қарайтынын байқадым. Ағам жоқта мені иығымнан, қолымнан ұстап, құшақтайтынды шығарды. Әрине, мен онысына қатты қуандым. Ойым бірден “ол мені ұнатып қалды” дегенге сайды.
Расымен көп ұзамай жеңешеммен оңашада қалып, бір-бірімізге деген сезімімізді ұялмастан ақтаратын болдық. Өмір деген расымен де қызық екен. Осыдан біраз уақыт бұрын сүйгенімнің жанында жатуды армандайтынмын. Ал қазір ол өзі маған тартылып, менімен төсек ләззатын бөлісуге асығып тұрады.
Екеуіміз қандай да бір сылтау тауып, үйдегілерден оңаша кездесуге тырысамыз. Ағам жеңгемді өзі маған табыстап қояды. Менімен жүрсе, басына жаман ой алмайды, әйелінен күдіктенбейді. Бірнеше рет солай үйден шығып кетіп, жалдамалы пәтерде кездескенбіз.
Жеңгем мені алғаш көргеннен ұнатқан екен. Алайда ұялғанынан, жолай алмай жүрген. Менің оған құлай ғашық болғанымды сезгенде ғана алғашқы қадам жасауға бел буыпты.
Алдағы уақытта не болатынын білмеймін. Бірақ оның ағамнан кетіп қалғанын қалаймын. Оған өзім үйленсем деймін. Бұлай қаншалықты ұзақ жүре алатынымызды білмеймін. Десе де, барлық нәрсенің шегі бар ғой. Бір күні үйдегілерге ұсталып қалып, масқарамыз шыға ма деп тағы уайымдаймын. Ал жеңгем әлі үнсіз. Ағамды тастап, маған келуге дәті жібермейтін сияқты...