Бір жас қатын шалымның ақшасын сорып отыр

Oinet.kz 16-02-2024 6129

Саламатсыздар ма! Сіздерден шынайы көмек сұраймын. Біздегі жағдай күйеуім бір сайқал қатынға жабысып қалды. Ол сайқалмен күйеуім санаторияға барған кезде танысқан.

Screenshot_6.jpg

Күйеуімнің жасы 56-да. Ал ол қатын 82 жылғы екен. Мен оны санаториядан үйге келген кезде, телефонмен жазысып отқан кезде ұстап алдым. Енді міне 1 апта болды ұрысып жүрміз. Енді ажырасуға өтініш берейін деп отырмын.

Ол сайқал басқа қалада. Қазір каспий голд бәле болды ғой, күйеуімнің ақшасын сорып отыр. Бала-шағаның нәпақасы емес пе ол? 60-қа таяған шалды қайтеді ол сайқал?

Отасқанымызға 31 жыл болды. 4 баламыз бар. 30 жылда көрмеген қиындығымыз жоқ, бірақ мұндай жағдайға тап болам деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Әйелдер қауымы, қайткенім жөн? Сіздердің бастарыңыздан мұндай жағдай өтіп пе еді?

Қайынсіңлім ертерек байға тиіп, үйімізден аулақ кетсе деп жүрмін
Полиция қызметкерлері өз қызының ернінен сүйсе ғана қимылдай ма сонда?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу