Қанша жерден өліп-өшіп сүйсем де, арымды күйеуіме сақтадым

Oinet.kz 18-03-2024 3117

Жасым 24-те,1 баланың анасымын. Менде Аллаға шүкір айтарлықтай мәселе жоқ. Бірақ мына хаттарды оқыған сайын миыма ауырлық түседі. Қыздар сонша аңқау болады ма екен немесе бəрі де соны қалап тұрады ма?

Screenshot_8.jpg

Мен өзім басымнан өткенге мысал келтірейін: мектеп кезден 1 жігітпен жүрдім. Сонымен жүріп колледж бітірдім. Сонда 5-6 жыл жүрдім. Барлық тумаластарымен таныстым (Бұл менің өкінетін мəселем. Себебі жүрмей қалғаннан кейін, көшеден көрсең не деріңді білмейсің) керемет жүрдік. Қыздардың көбі айтқандай бізде өліп-өшіп сүйдік.

Бірақ қатты айтсам кешірерсіздер астымызға ие болдық. Бірақ бір себептерге байланысты айырылыстық. Басқа жігітпен жүрдім, ұмыту үшін, қиын болды, сөзбен айтып жеткізе алмастай. Бірақ адам 3 күннен кейін көрге де үйренеді дейді. Өмір жалғасады. Сүйтіп жүріп сүйдім қайта, тұрмысқа шықтым. Біреуден кем болдым ба? Жоқ. Осы хаттардың ішіндегі көп қыздан артықпын. Неге? Арымды күйеуіме сақтадым. Білем қыздың бəрі тезірек сүйгеніне қосылып, келін болғысы келеді.Бірақ ол сіз туылғанда пешенеңізге жазылып қойған. Қашан бұйыртады, сонда болады.

Арыңыз алақаныңызда тұрған жоқ, жел болса ұшатын, жаңбыр жауса ағатын. Күйеуіңізге арнап мықты жерге қойса да ие бола алмайсыңдар. Жігітпен жатарда ата-анаңызды көзіңізге елестетіңіз, намысыңыз оянар. Ауызыңыз аңқиып жыларман болып қалғанда Алланы есіңізге аласыз. Естеріңді жиыңдар, өмірлік серігіңе арналған сыйыңды сол күн жеткенше сақтаңдар! Зина минуттық, күйеуің өмірлік!

el24kz

Әжем берген түйіншек жолымды ашты
«Басқа жігітпен жатып жүрген»: Гүлбахардың күйеуі мен қайын атасы сұхбат берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу