«Басқа жігітпен жатып жүрген»: Гүлбахардың күйеуі мен қайын атасы сұхбат берді

Oinet.kz 18-03-2024 1015

8 айлық баласымен жалғыз қалған, амалы таусылған Гүлбахар шындық іздеп, "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келген. Бұл жол ол бұрынғы күйеуімен жүздесті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

Күйеуі отбасының о баста өтірікпен құрылғанын, 2 баласы бар екенін кейін білгенін айтады. Бар тағып отқан кінәсі тамақ істемегені, дұрыс жұмыс таппағаны екен.

Ал Асылбектің әкесі бағдарламаға берген сұхбатында бар кінәні келініне жауып отыр.

«Алдында жігітпен жүрген екен кафеде. Сонымен жүргенін досы біледі екен. Онымен жүрме деп айтқан екен. Бұл басқа жігітпен жатып жүр деп. Сол квартирада жатып жүр екен. Кейін ол қыз қуып шығарған екен», - деп атасы шашыраңқы оймен пікір білдірді.

Алайда Гүлбахар бұл сөздердің бір де біреуімен келіспейтінін, бәрі жалған екенін айтады.

Айта кетейік, 25 жастағы Гүлбахар бұрын тұрмыста болған, 2 қызы бар екен. Қыдарының үлкені бұрынғы күйеуінің қолында-мыс. Ал өзі Асылбек деген жігітпен танысып, беташары болғанын айтады.

"Бірге бір пәтерде тұрдық Асылбекпен. Мен жұмысқа түсте кетіп, түнгі екіде келетінмін. Бәрі жақсы еді. Бала көтердім. Бір күні құрбымның үйіне кеттім. Ол мені жігітінен қызғанып, күйеуіме хабарласып, "жігітіммен жатты" деп жала жапты. Сосын күйеуіммен қарым-қатынасымыз өте нашарлады", - деген ол күйеуінің оны Ташкенттегі қайын жұртына апарып таныстарығанын айтты.

Десе де, Өзбекстандағы қайын жұрты оны сыйдырмапты. Гүлбахар ол жерден зорға қашып құтылған екен.

"Менен кейін де тағы бір ажырасқан әйелге үйленген. Ол әйел күйеуімді етеккірмен дуалаған. Мен де дуаны қайтару үшін дуа жасаттым", - деген ол күйеуі Асылбекке деген сезімі әлі барын жасырмады.

Асылбектің екінші әйелі де бағдарламаға сұхбат берді. Ол өзін де Ташкентке қайын жұртына апарып тастағанын, күйеуінің жақындары «бұның да атын жеңіл жүрісті шығарып қуып жіберу керек» деп айтқанын жеткізді.

Ал Асылбектің ағасы келінінің ішімдікке құмар, уақытында тамақ істемейтінін айтып шағымданды. Десе де, студиядағылардың бірі әйелдің міндеті тамақ пісіру емес екенін алға тартса, енді бірі әйел тамақ істемесе не үшін бар деген пікір айтып қалды.

Гүлбахардың бағдарламаға келгендегі басты мақсаты – 8 айлық баласына ДНК сараптамасын жасап, әкесі Асылбек екенін дәлелдеу. Содан соң одан алимент өндіріп алу.

Қанша жерден өліп-өшіп сүйсем де, арымды күйеуіме сақтадым
«Сүйектен етті ажыратып тастаған ғой»: күйеуін бөлшектеп тастаған әйелдің көршісі тың деректер айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу