Бұл өмірде менен артық келін жоқ
21-10-2024
Менің айтайын дегенім, осыдан 2 жыл бұрын болған құрбымның басынан өткен оқиға. Құрбым Алматы қаласында оқу бітіріп, сол жерде бір мекемеге жұмысқа тұрды. 3 жыл жүрген жігітімен өте бақытты еді, шыны керек біз бәріміз де оларға тамсана, қызғана қарайтынбыз, өте тамаша жұп еді. Артық ешқандай да қадамға бармайтын. Білмеймін мүмкін көз тиді ме?
Құрбым Шымкент қаласының қызы, ал жігіті Тараз қаласынан еді. Бір күні Шымкеттен құрбымның анасы мен жеңгесі келеді, бірер күн болып қайтпақшы болады. Кешкі сағат 8-ге поездға вокзалға келіп шығарып салады, ал сол күні кешкі сағат 9-да жігітімен кездеспекші болады. Сөйтіп құрбым вокзал алдындағы бір таксиді ұстайды, таксист кісі 40-қа келген кісі еді. Кездесудің мекен-жайын айтады. Құрбым еш алаңсыз таксиге отырып, жігітіне смс хабарлама жазады: "мен таксиге отырдым, мені күт бара жатырмын" деп. Содан жолда 30-дан асып қалған бір ер адам мінеді, құрбым жігітімен кездесуін қиялдап отырып мән бермейді. Кенет көзі басқа жолмен кетіп бара жатқанына түсіп таксист кісіден сұрайды, ал ол кісі жанында отырған кісіні апарып салып, содан сені апарам дейді. Құрбым оғанда мән бермейді. Содан жолда тағы бір кісі жасы шамамен 30-35 ер адам мінеді, содан кейін құрбым қорқа бастайды. Мені осы жерден түсіріп кетіңіз, сіз мүлдем басқа жолмен кеттіңіз, мен асығыспын дейді. Сөйтіп артта отырған ер адам тиісе бастайды, құрбым айқайлайды, есікті ашайын десе құлттап тастайды. Бірақ ол кезде құрбым даланың қараңғысынан қайда бара жатқанын білмейді, бір кезде айдалаға трассаның шетіне барып көлікті тоқтатады, құрбым бар күшімен айқайлайды. Бірақ өзінен әлдеқайда үлкен кісілерге шамасы келмейді. Құрбым есінен танып құлайды, бірер уақыттан кейін көзін ашса үстіндегі киімдері жартылай жыртылған, айдалада жерде жатыр екен, ал әлгі кісілер шаруасын бітіріп тайып тұрған.
Құрбым есін жиып трассаға қарай бет алады, бірақ қайда келгенін, үйіне қай жолмен барарын білмей қалады. Жолдан өткен көліктің біреуін тоқтатып көмек сұрайын дейді, бірақ әлгі сұмырайлардың жасағандары есіне түсіп, енді қалай өмір сүрем, әке-шешеме не айтам, жігітім ше, мені адал, пәк күйімде алам деп еді ғой деп неше түрлі ойлар келеді. Көлік астына түсіп өлгенім жақсы деген оймен келе жатқанда оны бір көліктің соғуына сәл-ақ қалады. Ал көліктегі жігіт қорыққанынан көліктен түсіп құрбымның жағдайын сұрап, бәйек болады. Құрбымның күйін көріп не болғанын сұрайды, ал құрбым мән-жайдың бәрін айтып, үйіне жеткізіп салуын өтінеді. Ал жігіт оны үйіне емес алдымен ауруханаға апарайын деп айтады. Құрбымды айдалаға тастап кеткен трасса Қапшағайға баратын жол екен, ал әлгі жігіт Қапшағайдан келе жатқан екен. Сөйтіп құрбым ауруханаға келіп, дәрігерлік тексеруден өтеді. Әлгі сұмырайлар құрбымды пәктігінен айырыпты, бірақ денсаулығына қатты зақым келмеген. Құрбым енді жігітінің үмітін ақтай алмадым, егер ол маған сенбесе мен не істеймін, оданда оған ештеңе айтпай қоштасқаным дұрыс, сонда менің сатқындығымды ойлап тез ұмытады деп ойлады. Құрбым ауруханадан шығады, әлгі жігіт оған күнде келіп хал-жағдайын сұрап тұрды. Әлгі жігіт милиция болып істейді екен Ақтау қаласында, ал Алматыға іс-сапармен келген екен. Құрбым әлгі сұмырайлардың тек қана көлігін және таксист кісінің түрі есінде аздап қалған, ал нөмерін білмейді. Содан сұмырайларды ұстайды, олар өз жазаларын алды. Ал құрбыма өзін құтқарған жігіт үйленуге ұсыныс жасайды. Сөйтіп екеуі шаңырақ құрып, Ақтау қаласына кетеді. Қазір құрбым өте бақытты, күйеуі алақанына салып әлпештеп отыр, сүйкімді, күйеуінің аузынан түсіп қалғандай ұлы бар. Айтайын дегенім бұл өмірде әділдік бар екен, жақсы жігіттерімізде баршылық, тек солардың қадіріне жете білу керек екен. Ал бұрыңғы жігіті не болғанын еш түсінбей, содан құрбымды расындада сатқындық жасады деп ойлап, оны ұмытты. Қазір ол да шаңырақ көтеріпті. Шын сүйгендер косылмайды деген рас шығар, бірақ құрбым қазір күйеуін жанынан артық сүйеді, өмірге қайтадан келгендей....
Сәуле, Алматы