Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік мол

Oinet.kz 09-11-2023 142

image.png

Мүмкіндігі шектеулі жандар  өзінің қабілетіне қарай тіршілігін жасайды, оған мүмкіндігі жоқтары үкіметтің көмегіне арқа сүйейді. Бүгінгі таңда мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін «кедергісіз кеңістік» құру бағытындағы жұмыстардың да жанданып келе жатқандығын айтуымыз керек. Қазір, шүкір, мүмкіндігі шектеулі азаматтар өзгелермен тең дәрежеде қызмет істеу, білім алу құқықтарына ие болып отыр. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлінуде. Оларды әр салада қолдауға арналған іс-шаралар көптеп жасалуда. Мұның өзі еліміздегі жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың жемісі деуге болады.

Бүгінде қоғам мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мейілінше өзгелермен тең дәрежеде, өзін қоршаған ортада еркін өмір сүрулеріне қажеттіжағдайларды жасауға тырысып-ақ жатыр. Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда мүмкіндігішектеулі жандарға жасалып отырған қазіргі әлеуметтік қамқорлықтардың жер мен көктей айырмашылықтары бар.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлінуде. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі 106 мың мүмкіндігі шектеулі адамның 25% ғана жұмыспен қамтылған. Жұмыс беруші мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиіс. Үкіметке осы міндетті орындау барысын қадағалауды тапсырамын. Орындамаған жағдайда өтемақы төлеу мәселесін қарастыру керек, - деді мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында. 

 Президенттің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №326 қаулысы қабылданған. Аталған қаулының негізінде мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша Созақ ауданында  тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Мүгедектерді жұмыспен қамту оңай шаруа емес. Десек те, дамыған елдердің бәрінде еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі жандардың көпшілігі жұмыс істейді. Бұл мемлекет үшін де, мүгедектер үшін де, қоғам үшін де тиімді. Аймақта да бұл мәселеге баса назар аударылып келеді.

Әсіресе "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы»  шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандар біліктілік арттырып, бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін төмендетілген пайызбен несие мен гранттар алуға және жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері болады.

Түркістан облысы бойынша аудан,қалаларда аталған ұлттық жоба аясында жаңа бизнес идеяларын іске асырудағы мемлекеттік грант қаражатымен қамтылған мүгедектігі бар азаматтар арасында ұйымдастырылған конкурсқа белсенді қатысушы  Дархан  Иманбердиев, Созақ ауданы Құмкент ауылының тұрғыны. 2023 жылы наурыз айында 1 380 000 теңге мемлекеттік қайтарымсыз грант алған. Қазіргі таңда "3D баннер салонын ашу" жүйесін дамытуда. Заман ағымына сай бағытты таңдаған Дарханның бүгінде салонына келушілердің қатары көп. Себебі 3D баннерлер бүгінде сәнді әрі қажетті дүниелердің бірі. Әсіресе жарнама берушілер осы тәсілді қолданғанды ұнатады. Сондай-ақ түрлі мекемелерден де ұсыныстар түседі екен. Мүгедекпін деп үкіметке алақан жайып отыра беруді жөн санамаған Дарханның ісі көпке үлгі. 

Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдауға арналған бағдарламалар мүмкіндігі шектеулі жандарға да тиесілі. Аймақта бұл тұрғыда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек етуге деген құлшынысы аса зор. Қазір жеке кәсіп ашып, еңбегімен табыс тауып жүрген мүгедек жандардың қатары көбеюде. Олар қоғамға масыл болғысы келмейді. Сол себепті, қолдарынан келген кез келген жұмыстан қашпайды. Барлық жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқарады.

Грант алып «Darafood»-тың иесі атанды
Қоғамдық жұмыс - адал еңбек!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу