40 жастан кейінгі бет күтімі

Oinet.kz 05-03-2020

Әйел адам қашанда сұлу. Алайда 40 жастан асқан соң ақырындап әжімдер «қонаққа» келе бастайды. Сол себепті де әркез сұлу әрі жас болып қалу үшін біз сіздерге үй жағдайында жасайтын бірнеше тәсілдерді ұсынбақпыз.

inside-beauty-natuurlijke-huidverjonging-800x533.jpg

Тазарту және тері күтімі

Ешқашан күндізгі макияжды өшірмей ұйықтамаңыз. Бұл жағдай бетегі тесіктеріңіздің демалуына кері әсерін тигізіп, соңында безеуге әкеп соқтыруы мүмкін. Беттегі көп мөлшерлі макияж тітіркенуге әкеп, әсерінен теріңіз демалмағандықтан теріңіз құрғақ болып кетеді. Теріні құрғататын хлорланған судың қалдықтарын жуу үшін тоник қолданыңыз.

Ешқана беттегі су қалдықтарын сүлгімен ысқылап жумаңыз. Уақыт өте бұл бет тірісінін созылуына, нақтырақ әжімнің түсуіне әкеледі. Жеңіл ғана салфеткамен немесе сүлгімен сүртуге де болады. 

Бет сүртетін сүлгімен ешқашан денеңізді сүртпеңіз. Міндетті түрде олар бөлек болуы қажет. Егер сіздің теріңіз сезімтал болса, онда бір ретті қолданатын салфеткаларды қолдансаңыз болады. 

Дұрыс таңдалған косметика

Әйел адамның бет терісінің қалыпты болуы оның 40 жастан соң қандай косметика қолдануына тікелей байланысты. Сізге теріңізді жақсартатын және сұлуландыратын сұйықтық қолданған дұрыс. Алайда қолданар алдында міндетті түрде құрамын қарап шығыңыз. Сапалы өнімдерді дәріханаларда немесе мамандандырылған дүкендерден сатып алу керек.  

Кәрілікке қарсы косметиканы таңдар алдын теріңіздің типін анықтап алуды ұмытпаңыз. 

Көбірек сұйықтық

Ылғалдылық – бет күтімінде басты этап. Ол тек бетке арналған крем немесе лосьонмен шектелмейді. Бірақ күнделікті тұтынатын таза судыңда мөлшері аса маңызды. Мамандар теріңіздің жас әрі сымбатты болуы үшін күнделікті 2 литр су ішу керектігін ескертеді. Дене құрамында сұйықтықтын аз болуы теріге кері әсерін тигізіп, тез қартаюына әкеп соқтырады. Сондықтан да күніңізді бір стакан таза сумен бастаңыз.

Ұйқы реттілігі

Ұйқысыздық сіздің сырт келбетіңізге тікелей әсер етері сөзсіз. Түнде клеткалар белсенді жұмыс жасап, энергияны толтыра бастайды. Косметологтар 23:00 мен 02:00 уақыт аралығын «алтын сағаттар» деп бекерден бекер айтпайды. Бұл бет терісіні қалыпқа келтіретін маңызды уақыт. Жастығыңыз бен сұлулығыңызды сақтап қалғыңыз келсе түнгі 23:00 кешікпей ұйықтаңыз. 

Бұл жоғарыдағы көрсетілген бірнеше қарапайым амалдар сіздің сұлулығыңыздың қалыпты болуына тікелей әсер етері сөзсіз. Бастысы, стресстен аулақ болып, көп ойланбауға тырысыңыз. Жақсылықты ойлаңыз. Өз сұлулығыңыз бен денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін әсте ұмытпаңыз.

Үй жағдайында қара дақтардан қалай құтыламыз?
Анар жемісінің 10 қасиеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×