Карантин уақытында нағыз бақытты сезіну үшін...

Oinet.kz 23-03-2020 1273

Бүкіл әлем жұртын коронавирус індеті алаңдатқызып отырғаны бәрімізге мәлім. Қазірде барлық қоғамдық орындар жабулы, адамдар үй жағдайында карантинде отыр. Бұрын қыдырып, уақытымызды өткізетін орындарға ешкім бармайды. Үйде болуға уақыт таппай жүрген біздер енді үйде таңнның атысы мен кештін батысы үйдеміз. Енді осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып үйдегі «нағыз бақытты» сезінетін сәт туды. Тренер Алла Клименконың: «Нағыз бақытты сезіну үшін сыртқы себептер қажет емес. Бақыт өзімізге тікелей байланыты. Нағыз бақытты– өміріңде ляззат та, мән де болған кезде сезінесің». Ендеше, біздің бірнеше тәсілдерімізбен танысыңыздар.

5e734b6ed5f19.jpg

1. Гардеробыңыдағы артық киімнен арылыңыз

Біз көп киім сатып аламыз. Киметін киімдерді де сақтап, орынды толтырып отырамыз. Заттарды реттеп, киілмейтін киімдерден арылу өзіңізге жеңілдік пен қанағаттық сезімді береді. 

2. Йога мен медитациямен айналысыңыз

Қазір барша адамдарда стресс басым. Өмірдің күйбелені ешқашан бітпек емес, өзіңізге, нақтырақ ойыңыз бен сезіміңізге уақыт бөлетін сәт жетті. Бұлардан құтылу үшін сізге йога мен медитация көмектеседі. Үйде отырып видеороликтер қарау арқылы да үйрене аласыз. 

3. Болашақтағы мақсаттарыңызды жазыңыз

Мақсат пен жоспарды жазу қашанда адамға бақыт сыйлары сөзсіз. Келешектегі үйіңіз бен көлініңізді, саяхаттап барғыңыз келетін орындар тізімін барша-баршасын нақтылап жазыңыз. Әрине көз алдыңызға елестетіп, өзіңізді тура сол сәтте жүрген сезініп жазу сізге нағыз бақытты сезіндіреді. 

4. «Оскар» жүлдесін алған арнаулы фильмдерді қарау

Кәсіпқойлар жоғары бағасын берген фильмдерді көру сіздің ой қабілетіңіз бен талғамыңызды өзгертері нақ. Өмірді басқаша жағынан тамашалай аласыз фильм қарау арқылы. Әсіресе, кинотеарларда көре алмаған киноларды көруді ұсынамыз.

5. Онлайн музейге барып қайтыңыз

Саяхаттау әзірге болмайды, бірақ сіз қамықпаңыз. Қазір үйде диванда аяқты көтеріп қойып, әлемге танымал музейлерге ешқандай төлемақысыз немесе кезексіз саяхаттай аласыз. Мәселен, саяхаттау үшін Лувр, Пушкин музейі, Эрмитаж, Ван Гога мен Метрополитен музейлеріне бара аласыз.

6. Аспаздық қабілетіңізді шыңдайтын сәт

Бұл күнде барша отбасы мүшелері бір шаңырақ астында. Әдетте, бір-біріне қарауға уақыт таппай жүретін бауырлар арасындағы бауырмалшылдық алыстаған мына заманда карантинннің тигізер әсері жақсы. Отбасыңызға арнап әрқилы дәмді тағамдарды пісіру әрбіріміздің сүйікті ісіміз болғаны жөн. Жалғандағы ең жақын жандар – отбасың. Демек, бұл кісілерге арналған тағамның дәмді шығары сөзсіз. 

7. Үй жиһаздарын өзгерту

Үйіңіздегі жиһаздар орнын ауыстыру сізге шексіз бақытты сезіндіреді. Заттар орны аусқанда үйде өзгеше атмосфера болып, жаныңыз жадырап қалады. 

8. Кітап оқу

Бұл тәсіл қашанда пайдалы әрі жанға жайлы екенін баршамыз білеміз. Қазіргі таңдағы жас жазушылардың қаламынан туған шығармаларды оқып, оларға өз пікіріңізді білдіру сіз үшін де, жазушы үшінде пайда екенін біле жүрген жөн. Ал егер кітап оқығыңыз келмесе, телехикая қараңыз. Бұл өмірді түсіңуге жәрдемдеседі.

9. Өзге тілді үйрену

Сіз қанша тіл білсеңіз, демек сіз сонша адамсыз. Өзге тілді білу қашанда артықтық етпейді. Онлайн курстар арқылы сіз баршасын үйрене аласыз.

10. Алғыс айту күнделігің жүргізіңіз

Күнде ұйықтар алдында бүгін алғыс білдірген жандар тізімін жазу сізге ерекше сезімді береді. Бұл тізім кез келген адам немесе зат болу мүмкін. Маңызды емес, маңыздысы сіздің ішкі әлеміңіздегі жан рахаты мен жүрек тыныштығыңыз. 

Шаш күтіміне арналған скраб
Мандарин: пайдасы мен зияны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу