Ордабасыдағы игі істер

Oinet.kz 23-03-2020 1081

Screenshot_16.jpg

Ордабасы өлкесінің өзінен майданға төрт мыңнан астам сарбаз аттанса, елге тек соның екі мыңдайы ғана оралғаны белгілі. Отан үшін от кешіп, жанын құрбан еткен отандастарымыз майдан даласында опат болып, бауырластар зираттарында жерленді. Көңілімізге медет ұялататыны  - еліміздің бүгінгі жетістігі, өсіп-өркендеуі, халқымыздың мызғымас ынтымағы. 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай елдік пен ерліктің мерекесі 9-мамырда Ұлы Жеңіс мерекесі мен Отан қорғаушылар күніне байланысты орталық саябақтан Ордабасы ауданы ардагерлеріне арналған аллеяны ашу көзделуде және сол зұлмат жылдары «Жаным арымның садағасы» деген ардақтыларымыз, Кеңес Одағының Батырлары: 4 мыңға жуық жерлестеріміздің аты-жөнін мемориалды тақтайшаға өрнектеп жазу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы орталық саябақты пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Screenshot_11.jpg

Screenshot_12.jpg

Screenshot_13.jpg

Screenshot_14.jpg

Screenshot_15.jpg

Screenshot_18.jpg

Темекі түтінің зияны
Атопиялық дерматит
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу