Дәрігерлер неге ақ түсті халат киеді?

Oinet.kz 16-01-2020 1523

Әлемде медицина қызметкерлерінің 75 пайызы ақ түсті халат киеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін дәрігерлерде ешқандай біркелкі форма болған жоқ. Тек ауыр операциялар кезінде ғана алжапқыш пен қолғап киетін. Ең алғаш ақ халат кию қажеттілігі туралы бастаманы ағылшын дәрігері Джозеф Листер көтерді. 

Screenshot_5.jpg

Халат туралы тағы бір қызықты дерек, өткен ғасырда халатқа қарап, хирургтің кәсібилігін бағалайтын болған. Операция кезінде халат пациент қанымен неғұрлым аз былғанса, соғұрлым хирург білгір маман саналған. Колориметрия ғылымына сенсек, ақ түс адамды ашықтыққа, тазалыққа, айқындыққа жетелейді. Демек, ақ түс пациенттерге оң ықпал етеді. Оның үстіне, ақ халаттағы жандарға пациенттер көбірек сенім артады. Статистикалық мәліметтер бойынша, ғалымдар ақ түстің адамға ойын шоғырландыруға көмектесетінін айтуда. Салыстырмалы түрде, ақ халат киген дәрігерлер аз қателік жібереді. Демек, ақ түс адам өмірін құтқаруға септігін тигізеді. 

Хоккейшілердің осал жері – тісі
Адам өмірі 10 пайыз суға тәуелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу