Шымкенттік азамат Қадір түнінде періштені қалай көргенін айтып берді
Мұсылмандық бес парыздың бірі – ораза тұтқандар жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Солардың бірі – шымкенттік Нұрғожа Сыздықов Замана газетіне берген сұхбатында Қадір түнінде көрген кереметін былайша баяндапты:
-Қадір түні ең бір қасиетті түндердің бірі саналады. Ол түні таза үйге келген періштені таза адам ғана көреді деген сөз бар. Осыдан он жыл бұрын бес адам болып біздер де Қадір түнін күттік. Қасымдағылар шаршағанын айтып ұйықтап қалды. Мен оқитын намазымды оқып, дұғамды айтып отыра бердім. Бір уақытта көзім ілініп кетіпті. Біреу қолтығымның астынан қысып жіберді. Тура адамның қысқаны секілді. «Биссмилла» деп көзімді ашып қалдым. Бөлменің жарығы өшірулі еді. Сонда да кетіп бара жатқан үш адамның сұлбасын көрдім. Жарықты жақсам, сағат түнгі үш жарым екен. Дала тып-тыныш, жел жоқ. Аспан ашық, төңірек аппақ, жарық болып тұр. Қуанғанымнан таң атқанша ұйықтамадым. Бұл мені демеп жүрген періштелер екенін түсіндім. Содан бері өзімді бақытты сезінемін, - дейді Нұрғожа Сыздықов.
Дереккөзі: nur.kz