Әйелге қол көтергендер...

Oinet.kz 10-10-2019 1725

Screenshot_11.jpg

Жақсы мұсылман жұбайымен жақсы қарым-қатынаста болуы шарт. Құран кәрімде: «Оларға жақсы, жылы мәміле таныт!» — делінеді. (Ниса 13)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Мұсылман адам — жұбайының жаман мінезіне ашуланбасын! Оның жақсы мінезі де болады.» (Мүслим)

«Әйел — әлсіз жаратылыс. Әлсіздіктерін үндемеумен жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін байқамаңдар!» (Ибн Лал)

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі — мінезі ең жақсы болғаны, әйеліне ең жақсы, ең мейірімді түрде қараған адам.» (Тирмизи)

«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы — әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болғаны. Сендердің араларыңда әйелінің алдында ең жақсы, ең қайырлы, ең пайдалы болған менмін.» (Нәсаи)

«Әйелін ұрған адамның қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған адам Аллаһ және Расулына дұшпан болады.» (Р.Насиһин)

«Әйелдеріңді ренжітпеңдер! Олар Аллаһу та'аланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Мүслим)

«Әйеліне күлімдеген жүзбен қараған еркектің дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р.Насиһин)

«Әйелімен жақсы тұрып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та'ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И.Лал)

«Әйелінің жаман мінездеріне шыдаған еркек, бәле-жалаға сабыр еткен Әййуб алейһиссалам сияқты марапаттарға қауышады.» (И.Ғазали)

«Өз жегеніңнен әйеліңе де жегіз, өзің киінгеніңдей оны да киіндір, оған бетіңді тыжырайтпа, қабағыңды аспа және оны ұрма!» (Әбу Дауд)

«Аллаһтың құлдары болған әйелдерді ұрмаңдар!» (Ибн Мажа, Дарими)

Әр мұсылман білуі тиіс 15 сөз
Ер адамның отбасындағы міндеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу