Ер адамның отбасындағы міндеттері

Oinet.kz 10-10-2019 2202

Znalezione obrazy dla zapytania ер мен әйелҚазақ отбасында ер адамға үнемі құрметпен қараған, еркек үйдің тіреуіші болған. Негізгі табыс көзін үйге ер адам алып келді. Және ер адамның тапқан табысы берекелі деп есептелінеді. Дегенмен ер адамға жүктелген міндет тек отбасын асыраумен шектелмеді. Әйел адамына секілді, ер адамға да шариғат бойынша жүктелген негізгі міндеттер бар.

Ер кісінің қосағымен сыпайы  болуы – Алла Тағаланың бұйрығы. Жаратқан иеміз Құранда: «(Уа, иман келтіргендер!) Олармен жақсы қарым-қатынаста болып, тату-тәтті өмір сүріңдер. Егер оларды ұнатпай қалсаңдар (сабырлық танытыңдар), қайдан білесіңдер, бәлкім, сендер ұнатпаған нәрсе Алла Тағала көптеген жақсылықты жазып қойған болар», – дейді. Ардақты Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) : «Әйелдеріңе ізгілік пен туралықты насихаттаңдар. Олармен жақсы тұрыңдар, жақсы қараңдар», – деген.   Отбасының іргесін шамадан келгенше берік ұстау қажет. Алла Тағланың елшісі (с.ғ.с.) бір хадис шарифінде: «Рұқсат етілген істердің ішінде Алла Тағалаға ең сүйкімсіз іс – талақ», – деп, үмметіне шаңырақты бұзбауды кеңес еткен.

Ер адамның отбасындағы міндеттері:

1. Әйелін тамақ, киім, сусындармен және қаржылай қамтамасыз ету.

2. Табысын адалдан табу.

3. Парыз амалдарын толық орындай алатын дәрежеде білім беру.

4. Ислам әдебін үйрету. Шариғатқа сай киіндіру.

5. Жұбайы  екеуінің арасындағы сырды сақтау.

6. Балиғат жасқа келгенде перзенттерінің төсегін бөлек салуға үйрету.

7. Әйелі туыстарына сұранса жіберу.

8. Кешірімді болу.

9. Отбасындағы барлық жағдайларға өзі жауапты екенін ұмытпау.

10. Әйеліне әрдайым көңіл бөлу, назарда ұстау.


Әйелге қол көтергендер...
Жұма күнінің сіз білмейтін қасиеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу