Көшелер орташа жөндеуден өтуде
Жол - экономиканың күре тамыры. Жол арқылы қаншама жүк көліктері өтіп тауар тасиды. Алыс-беріс көп болған жерде экономика қарыштап дамитыны белгілі. Сонымен қатар жол арқылы миллиондаған адам ары-бері қатынап, жұмыстарын тындырады. Сондықтан да жолдың ел экономикасында алар орны ерекше.
Өкінішке қарай, жол деген тозады. Бір жылда миллиондаған көлік жүріп өткен жолда түрлі дефектілер пайда болады. Бұл заңды нәрсе. Осыған орай жолды белгілі бер мерзім сайын жөндеп отырған абзал.
Сайрам ауданы көлемінде 1 276 шақырым автокөлік жолдары бар (22 шқ- республикалық, 162,1 шқ- облыстық, 140,5 шқ- аудандық маңызы бар, 951,7 шқ- ішкі шаруашылық автомобиль жолдары),оның 55,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда.
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында барлығы 306,5 млн.теңгеге 23 шақырым 18 көше орташа жөндеуден өтуде.
Ерекше тоқталатын нысан,соңғы 40 жылда жөндеу көрмеген Сайрам және Төлеби аудандарын қосатын облыстық маңызы бар «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолына биыл орташа жөндеу жүргізілуде (құны 845,0 млн.теңге), Облыс әкімінің тікелей қолдауымен жөнделген жол жыл соңында толық пайдалануға берілмек.
Атқарылатын жұмыстар нәтижесінде жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2019 жылғы 48,5%-дан 2020 жылы 55,5%-ға жетсе, 2021 жылы 60%-ға жетеді.