103 жастағы қарт ана сайлауда өз таңдауын жасады

Oinet.kz 25-07-2021 529

Бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қоғам жылы қабылдап, оң бағасын берді. Республика бойынша 14 өңірдің 176 ауданындағы 730 ауыл округінде сайлау өткізу жөнінде шешім қабылданды. Түркістан облысында да ауыл әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Атап айтсақ, өңірде 60 ауыл округі әкімдерінің сайлауына сайлаушылар таңғы 7.00-ден бастап атсалысып, өз таңдауларын жасай бастады.

Screenshot_8.jpg

Түркістан облысы, Сайрам ауданында да сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Құтарыс ауылдық округінде таңғы 8.20-ға дейін 112 адам дауыс беріп үлгерген. Ең алғашқы 5 сайлаушыға сыйлықтар үлестірілген.

Өңірдегі 16 аумақтан жалпы саны 200-ге жуық үміткер тіркеліп, саяси доданың үгіт-насихат кезеңін жүргізді. Оның ішінде ең көп кандидат ұсынған «Nur Otan» партиясы. Жетекші партиядан 47 үміткер қатысып жатыр. Ал жалпы Түркістан өңірінде халық саны 2 049 681 адам болса, оның 1 160 196-сы дауыс беруге құқылы. Ал ауыл әкімдері сайлауы бойынша Түркістан облысындағы учаскелер саны – 241. Осы учаскелерде 265 146 адам өз таңдауын жасайды. Сайлау учаскелерінде карантин талаптары сақталған. Саяси доданың әділ өтуін арнайы бақылаушылар бақылап отыр.

айлау учаскесі комиссияларының мүшелері денсаулығына байланысты үйлерінде отырған ардагерлер мен зейнеткерлердің де дауысын жинады. 

Қарамұрт ауылындағы 103 жасты қарсы алған Ұлы Отан Соғыс ардагері, 5 ұлдың анасы 17 немеренің әжесі,  54 шөбересі бар Абыз Ана Төлегенова Тотыай  өз таңдауын жасады.

 Бізде бәрі жақсы болады деп ойлаймын, "Елде тыныштық болсын. сендерге менің жасымды берсін"- деді ғасырдың құрдасы.

Сайлау додасына өз үлесімді қоссам деген өтініші орындалды.

Көшелер орташа жөндеуден өтуде
4749 азамат нәтижелі жұмыспен қамтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу