Азаматтық қоғам мықты болса мемлекет те мықты

Oinet.kz 12-05-2025 8

image.png

Заң үстемдігі орнаған Әділетті Қазақтанды құру жолында азаматтық қоғамның дамуы аса маңызды. Бұл тұрғыда ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдарға қолдау жасаудың мемлекеттік тұжырымдамасы жасалған. 

Жамбыл облысында азаматтық қоғамның негізі болып саналатын үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай жасалып келеді. Бүгінде олар билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаруда. Үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді әріптесі болып отыр. Өңірдегі азаматтық қоғам өкілдері былтырғы жылы әлеуметтік маңызды салалардағы өзекті мәселелерге бағытталған 135 тақырыптық іс-шара ұйымдастырып, оған 40 мыңнан астам азамат қатысты. Нәтижесінде, 600-ге жуық азаматтың мәселесі оң шешім тауып, 1 500 осал топтағы отбасыға көмек көрсетілген. 

Жамбыл облысы Азаматтық альянсының төрағасы Исламбек Дастан  соңғы жылдары азаматтық секторды дамыту саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізілді дейді. Айтуынша  қоғамдық институттардың құқықтық бағыты нығайтылып, қоғамдық кеңестер, қоғамдық бақылау, петиция, қайырылымдылық іс-шаралары, волонтерлік туралы заңдар қабылданған. 

image.png

«Осыдан 20 жыл бұрын құрылған «Азаматтық альянстың» негізгі мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіру оларға кеңес беру. Облыста бүгінгі таңда  800-ге жуық үкіметтік емес ұйым болса солардың 30-ға жуығы осы альянстың туының астында бірігіп жұмыс істеуде. Екі жылда бір рет Азаматтық форум өтіп тұрады. Жиында азаматтық қоғам өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, пікірлерін ортаға салып, оларды шешу жолдарын қарастырады.   Азаматтық қоғамның ел дамуына қосып отырған тағы бір үлесі қоғамдағы ауызбіршілікті, ынтымақты нығайтуға, кикілжіңді бейбіт жолмен шешу, текетіреске жол бермеуге, жалпы адам құқықтарының сақтауға ат салысуы»,- деген төраға Альянстың атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті.

«Қазіргі таңда біз облыс әкімі Ербол Шырақбайұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан  «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы  аясында «Ойшебер» атты зияткерлік ойынын өткізіп жатырмыз. Бүгіннің өзінде жобаға екі мыңға жуық оқушы қатысты. Жалпы он мыңға жуық оқушы қамтылады деп жоспардап отырмыз. Жобаның мақсаты жастарды әдебиетке баулып,  ұлы қаламгерлеріміздің есімін ұлықтау»,- дейді Исламбек Дастан.    

Түркістанда халықаралық симпозиум өтті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу