Шымкент қаласында биыл 12 мектептің құрылысы басталады

Oinet.kz 18-05-2023 133

Президент бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Шымкент қаласында өз жалғасын тауып отыр. Қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың айтуынша, 2023-2025 жылдар аралығында шаһарда «Жайлы мектеп» жобалары аясында 37700 орынға арналған 25 білім ошағының құрылыс жұмыстарын жүргізу жосапарлануда.

Screenshot_26.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласына баса мән берді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» дейді Президент. Биылдан бастап Президентіміздің тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алынды. Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда қаламызда «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 37700 орынға арналған 25 мектеп салу жоспарлануда, - дейді М.Исахов.

Президент Жолдауында бұл білім нысандарын жемқорлыққа жол берген, олардың заңсыз тапқан қаржысы есебінен салуды ұсынған. Яғни, Мемлекет басшысы «Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» деп қаржы көзін де анықтап берген еді Жолдауда. 

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың төрағалығымен өткен штаб отырысында  отандық тауар өндірушілердің мектептерді жиһазбен жабдықтау мүмкіндіктерін, қуаттылығын анықтау, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі қаралды. Құрылысқа жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану мердігерлерге тапсырылды. 

Атап өтсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында 2023-2025 жылдар аралығында 37700 орынға арналған 25 мектептің 12-інің құрылыс жұмысы биылға жоспарланған. Яғни қала аумағында биыл 17300 орынға арналған 12 мектеп салынады. Ал 2024 жылы 20400 орынға арналған 13 мектептің құрылысы басталмақ. 

«Ол мектептердің әрқайсысына баратын жолдар төселеді. Жанында автобус аялдамалары ашылады. Барлық инженерлік инфрақұрылымды да қамтимыз. Себебі, мұның бәрі жайлылық ұғымына кіреді, тиісінше ол мәселелердің бәрі қарастырылады. Бір сөзбен айтсақ, ұлттық жоба 800 мың балаға арнап, жоғары стандарттарға сәйкес заманауи, жайлы мектеп салынады дегенді білдіреді. Оған өте сапалы құрылыс материалдары қолданылады. Балалар үшін тиісті жағдайлар жасалады. Қауіпсіздік жүйелері де енгізілетін болады», – деді қала әкімінің орынбасары.

Шымкент қаласында агроөнеркәсіп саласына басымдық берілуде
Шымкент қаласының әкімі аудан тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу