Шымкент қаласында шағын аудан көшелеріне асфальт жабыны төселуде

Oinet.kz 18-05-2023 155

Жолдың жайын жүрген білер. Бүгінгі таңда қала ішіндегі жолдар орта, ағымды жөндеуден өткізіліп көлік қозғалысы қалпына келді. Қыс пен көктемгі жауын-шашыннан кейінгі шұқанақтар асфальтпен толтырылып, жолдар жөнделе бастады. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес мегаполистің ішкі орам көшелерін жөндеуден өткізуге басымдық берілген.

Screenshot_31.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жол құрылысын жүргізуге ондаған мердігер тартылған. Олар бүгінгі күні өздеріне жүктелген міндеттерді барынша талапқа сай атқаруға күш салып, бар техникасы мен адам күшін жұмылдырған.  

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Жоғарыда айтқанымдай, бұл жұмыстар мегаполисте тиісті деңгейде атқарылуда. Мәселен, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес қаланың ішкі көшелерін жөндеуден өткізілуде. Осыған орай, шағын аудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, өз кезегінде жұмыстар жүйелі атқарылуда, дейді қала әкімі. 

Мемлекет басшысы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Осы мақсатта Шымкент қаласында қолға алынған жоба аясында бірқатар шағынаудандағы көше жолдарына асфальт жабыны төселуде. 

Атап айтсақ, бүгінгі таңда Асар-2 шағынауданы аумағындағы Күншоғыр көшелері орташа жөндеуден өтуде. Аталған шағынауданның  төрт  көшесіне екі қабат асфальт жабыны төселеді. Көшелердің жалпы ұзындығы - 1,2 шақырымды, ені бес метрді құрайды. Ал оның қасынан түскен жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ені – 1,5 метрге жеткізілген. 

- Бір атап өтерлігі, биыл Шымкент қаласы бойынша автомобиль жолдарына жүргізілетін орташа құрылыс жұмыстары 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеде жүргізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі өткен жылмен 67,4 пайызды құраса, биыл ол 71,2 пайызға жеткізіледі деп көзделуде, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласына инвестиция тартылуда
Шымкент қаласында үш ауысымды 7 мектеп салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу