Шымкент қаласында жастардың кәсіп бастауына жеңілдіктер қарастырылған

Oinet.kz 18-05-2023 141

Шымкент қаласында өз кәсібімді ашып, жұмыс істеймін деген жастарға жеңілдетілген, жылдық пайызы 2,5 пайыздық шағын несие тарату тетігі іске қосылды. 

Screenshot_39.jpg

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, жалпы Мемлекеттің ұстанып отырған әлеуметтік саясаты – халықты масылдықтан арылтып, кәсіпкерлікпен айналысуға бейімдеу болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркендеген қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – біздің сөзсіз басымдықтарымыздың бірі. Жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдетілген шағын несиелендірудің жеке тетігі іске қосылатындығын» атап айтқан болатын. Осы ретте, Шымкент қаласы бойынша 261 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланып, оған республикалық бюджеттен 1,3 миллиард теңге қаржы бөлінген. 

Президентіміз Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауды тапсырғаны белгілі. Бұл бағытта несиеге қол жеткізген, екінші деңгейлі банктердің сүйемелдеуіне ие болған бизнес өкілдері аз емес. Мәселен, төмен пайызбен несиеге жастар да қол жеткізуде. Оларға «Ауыл аманаты», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы, «Ұлттық жоба» аясында несиеге қол жеткізіп, өз кәсіптерін бастап кеткен жастар аз емес.  

Шағын несие өндірісті дамытуға және өнім шығаруға арналған кәсіпкерлік бағытына бес жылға, ауыл шаруашылығы саласына 7 жылға 5 миллион теңгеге дейін берілетін болады. Сенімді өкіл ретінде «Агронесие корпорациясы» акционерлік қоғамы белгіленіп,  2023 жылдың 17 наурызында «Агронесие корпорациясы» акционерлік қоғамы және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арасында тапсырма шарт түзілді дейді, - дейді Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Шымкент қаласында кәсіпкерлерге қолдау бар
Шымкент қаласындағы құрлысы жүріп жатқан жолайрықтарда көлік қозғалысы қалыпқа келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу