Шымкент қаласында шағын және орта бизнес үлесі 41,6 пайызды құрады

Oinet.kz 27-05-2023 217

Шымкент қаласында өткен жылдың қорытындысымен шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш биыл да мемлекеттік бағдарламалар аясында ұлғайып отыр. 

Screenshot_9.jpg

Жалпы осы салада атқарылған тындырымды тірліктің арқасында Шымкент қаласының әлеуметтік экономикасы бүгінде ырғақты дамып келеді. Тоғыз жолдың торабында  орналасқан бұл шаһарда аймақ экономикасын дамытудың бірегей моделі қалыптасқан. Өндіріс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамту, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауда қаланың әлеуеті әу бастан жоғары. Мәселен, шағын және орта бизнесті дамытуға өткен жылы 15,6 миллиард теңге бөлініп, нәтижесінде 4891 жоба қолдау тапқан болатын. Ал биыл шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 18,7 миллиард теңге қаржы қаралған. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жыл басынан бері жалпы құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын 2056 жобаға  қолдау көрсетілген. Атап айтар болсақ, «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 134 жобаға 222,1 миллион теңге қаржы қаралған. Ал «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде 1922 жобағы 1,2 миллиард теңге бөлінген.   

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Жалпы қаламызда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Қазіргі таңда өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсетілуде, -дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Айтып өтейік, кәсіпкерлер үшін жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық кеңес «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисі арқылы көрсетілуде.

Бизнесті қолдауға бағытталған барлық бағдарлама принциптері - кәсіпкерлер үшін тең жағдай жасау, оларға қойылатын талаптардың, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.

Кешенді шаралар халыққа азық-түлікті тиімді бағада тұтынуға мүмкіндік беруде
Шымкент қаласындағы «Shymkenт City» шағын ауданы көркеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу