Шымкент қаласында әлеуметтік азық-түлік бағасы бақылауда

Oinet.kz 27-05-2023 176

Баға саясаты Шымкент қаласында да бар. Осыған жауапты Шымкент қалалық «Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлім басшысы Жандос Ханиев «Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау» дейді. 

Screenshot_14.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында баға саясатына кеңірек тоқтала келіп, «Бағаны әкімшілік жолмен реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Сондай-ақ, тауар тапшылығын туындатып, елді импортқа тәуелді етеді.

Сондықтан, баға белгілеу ісіне мемлекеттің араласуынан біртіндеп бас тарту керек. Бәсекелік ортасы жоқ нарықтар ғана бұрынғыдай қала береді. Монополистердің тарифтері қатаң бақылауда болады. Бірақ, бақылау жасау орынсыз қысым көрсету деген сөз емес. Бүгінде мемлекеттік органдардың, соның ішінде күштік құрылымдардың бизнесті тексеруге жаппай кірісіп, бағалар мен тарифтерді төмендетуді талап етуі жиілеп кетті. Құр дақпырт үшін жасалатын мұндай әрекеттерді доғару керек» дейді.

Президент айтқандай өңірде баға тұрақтылығын сақтау үшін шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуға басымдық берілген. Дегенмен сауда желілерінде халық жиі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары билік бақылауында. 

- Жуарда жұмысшы топ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе отырып, бірқатар сауда орталықтарына мониторинг жүргіздік. Біздің топ Шым сити шағын ауданындағы «Маркет2» сауда дүкеніндегі бағаны салыстырмалы түрде қарады. Ондағы баға біз бекіткен әлеуметтік азық-түлік бағасынан аспаған. Қалыпты деңгейде өткеріліп жатқанын көрдік. Жалпы шаһардағы әлеуметтік тауарлардың бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде бірқатар ірі сауда орындарымен келісім-шарттар жасалған. Бүгінде «GraMaD» сауда желісінде әлеуметтік маңызы бар тауар белгіленген бағада саудалануда, - дейді «Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлім басшысы Жандос Ханиев. 

Бөлім басшысының айтуынша, қаладағы жергілікті кәсіпкерлермен бір жылға келісімшарт түзіліп, оларға айналым қарыз қаражаты берілген. Бүгінгі таңда қалада 100-ден астам сауда нысандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесі белгіленіп, бағаны негізсіз жоғарлатпау туралы үнпарақ таратылған. 

«Белгіленген баға әр тоқсан сайын өзгеріп отырады. Әр тоқсанда комиссия шешіміне сәйкес, нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада бекітіледі. Шымкент қаласында жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізілуде» дейді Жандос Ханиев. 

Шымкент қаласының жалпы өңірлік ішкі өнімі артуда
Шымкент қаласында кәсіпкерлерге арналған фронт офис әкімшілік кедергілерді жоюда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу