Шымкент қаласында отандық жеңіл өнеркәсіп өнімі артуда

Oinet.kz 28-05-2023 145

Шымкент қаласында бірыңғай индустрияландыру картасындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша құрылған жоспарлар талапқа сай жүзеге асырылуда. Жоба аясында Шымкенттегі «Lux Shoes» фабрикасы итальяндық технология бойынша түркиялық «FANTES» және «COMELZ» маркалы жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жеңіл өнеркәсіпті жолға қойып, аяқ киім тігуде.  

Screenshot_26.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, фабриканың тәуліктік қуаты жыл санап артып келеді. «Lux Shoes» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аяқ киім табандары өндірісі Шымкент қаласының «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Мәселен, резіңке табан жасау цехында бір жұмыс ауысымында 120-дан 150-ге жуық жұп резеңке табаны дайындалады екен. 

- Өздеріңіз жақсы білетіндей, ел экономикасының күші – отандық өнімде. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға көңіл бөліп келеді. Қазіргі таңда қаламызда индустриалды аймақпен қатар жеңіл өнеркәсіп саласына да ерекше көңіл бөлінуде. Осы саланы дамыту үшін инвесторларды көптеп тартудамыз. Бүгінде инвесторлар синтетикалық тоқыма және мата өнімдері мен пластикалық ыдыстар шығару, сүт, талқан өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы тауарларын сақтауға қатысты жобаларын ұсынуда. Сонымен қатар бизнес өкілдері жер телімін бөлу, жол, инфрақұрылым қажеттіліктері бойынша ұсыныстарын білдіруде. Біздің тараптан жаңа кәсіп ашамын, өндіріс ошағын саламын деген кәсіпкерлерге ешқандай кедергі жоқ. Қолдан келгенше қала билігі тарапынан қолдау көрсетіліп келеді, - дейді қала әкімі. 

«Lux Shoes» фабрикасы 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қаладағы іргелі кәсіп орын. Өңір нарығындағы отандық өндіріске үлес қосып келе жатқан компания жақында аяқ киім тігудің жаңа желісін іске қосып отыр. Бұл кәсіпорын осыдан бес жыл бұрын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта жұмысын бастады. Жобаның инвестициялық құны 693 миллион теңгені құрайды. 

- Бүгінгі таңда аталған кәсіпорында 45 адам еңбек етуде. Фабрикада аяқ киімнің жүздеген түрі шығарылады. Оның барлығы дерлік таза былғарыдан жасалған. Кәсіпорын мамандарының айтуынша фабрика өнімі өзінің жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда фабрика орналасқан арнайы экономикалық аймақтың дайын инфрақұрылым, жер және мүлік салығынан, корпоративтік табыс салығынан босату сынды жеңілдіктері кәсіпорынның тұрақты дамуына және нарықты отандық өніммен қамтуға мүмкіндік береді. Осындай экономикалық аймақтағы жеңілдіктер кез келген кәсіпорынның дамуына, отандық өндіріс көлемін арттыруға өз септігін тигізуде, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласының транзитін арттыратын жоба
Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы тауар өндеуші кәсіпорындарына қолдау бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу