Шымкент қаласында жатақхана мен оқушылар сарайы салынуда

Oinet.kz 22-06-2023 136

Шымкент қаласында Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің жатахқанасы мен Тұран шағынауданында Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Биыл қаладағы Ә.Қастеев атындағы өнер және дизаин колледжінің іргесі қаланғанына 50 жыл толып отыр. 

Screenshot_11.jpg

- Шымкент қаласындағы іргелі оқу орындарының бірі – осы Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі. Төл тарихымен бірге рухани құндылықтар қатарын толықтырып келе жатқан өзіндік орны бар оқу орны елімізге елеулі тұлғаларды білім нәрімен сусындатып шығарды. Айта кетейік, айтулы колледждің бес қабаттан тұратын жатақханасы 1974 жылы салынған, 420 орындық ғимаратта қазір 539 оқушы қоныстанған. Өткен жылы жатақханаға күрделі жөндеу туралы жоспар құрылып, биыл құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Студенттердің жазғы демалыс сәтінде қызу қолға алған күрделі жөндеу жұмыстары бүгінде қарқын алып отыр. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айынан бастап жүргізілді. Жоспар бойынша биылғы жылдың қараша айында бітуі тиіс, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов. 

Осы нысанның құрылыс жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. Әсіресе, шатыр мен жертөлеге қатысты ескертпелер айтты. Бастысы колледж студенттеріне жайлы жағдай жасау, жоспар бойынша екінші тоқсанның аяғында білім алушылар жаңа жатақхананың игілігін көрмек. 

Ал Тұран шағын ауданындағы Оқушылар сарайы заманауи талапқа сай бой көтеретін ғимаратта оқушылардың сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени бағытта дамуына барлық жағдай жасалмақ. Үш блоктан тұратын 3 қабатты ғимараттың жалпы сыйымдылығы 500 орын. Жобада 35 орынға арналған асхана, 80 көлікке арналған автотұрағы қарастырылған.  

Нысанның құрылыс жұмысы мамыр айында басталған. Оқу ғимараты жоспарға сай алдағы жылы пайдалануға берілмек. Оның өұрылыс жұмысын 50 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Осыған дейін мұнда жер қазылып, іргетасының жартысынан астамы құйылған. Қазір қабырғалар тұрғызылып, бағаналар орнатыла бастаған.   

- Алдымызда ауқымды жоспар тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім саласына басымдық бере отырып, студенттерді жатақханамен, оқушыларды жайлы мектеппен қамту мәселесін қойды. Бүгінгі таңда осы бағыттарды басшылыққа алып жұмыс істеудеміз. Атап айтсақ, қалада 2025 жылға дейін тағы 3 оқушылар сарайы мен 8 өнер мектебі салуды жоспарлап отырмыз. Бұл орталықтар өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда, жан-жақты дамытуда маңызы зор болмақ. Ал бүгінгі күні құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды бақылау, жауаптыларға құрылыстың өндірістік кестеге сай жүргізілуі тапсырылып отыр, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында 300 көше жолына орта жөндеу жүргізілуде
Шымкент қаласында түрік компаниясы алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу