Шымкент қаласының бас жоспары депутаттар тарапынан қолдау тапты

Oinet.kz 24-06-2023 136

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясында мегаполистің жаңа Бас жоспары талқыланып, қабылданды.  Қаланың жаңа бас жоспарын дайындауда екі жыл бойы жұмыстар жүргізілген.

Screenshot_20.jpg

2035 жылға қарай қала халқы 1 миллион 800 мың адамға жетеді деген жоспар бар. Бас жоспардағы негізгі басымдық – тұрғындарға жайлы ортаны қалыптастыру. Құжатта жол, логистика, кәріз жүйесі, инфрақұрылыммен қамту мәселелері егжей-тегжейлі қаралған. Депутаттар мегаполистің жаңа бас жоспарын мақұлдап, дауыс берді. 

Бас жоспар – жобаның құрылыс объектісін жоспарлау және абаттандыру, ғимараттарды, көлік қатынас жолдарын, инженерлік жүйелерді орналастыру, шаруашылық және тұрмыс қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі.

Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, Бас жоспардың мақсаты – аумақтың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, адамдар үшін қолайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру. Бас жоспарда: - әлеуметтiк, рекреациялық, өндірiстiк, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар ескерiле отырып, мегаполиске қарасты елдi мекеннiң аумағын дамытудың негiзгi бағыттары қаралған. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолға алған уақыттан бастап моноқалалармен қатар мегаполистерді әлеуметтік-экономикалық дамыту ісіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Бүгінде Республикамыздағы қала құры¬лыстарының даму бағдарламасын және оның жүзеге асуы жөніндегі стратегиясы мен тактикасын айқын¬дайтын бас жоспар мен сәулет саласы арасында тығыз байланыс бар. Тіпті, мұның екеуін бір-бірінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Бас жос¬парды тек қалалардың енші¬¬сін¬¬¬дегі іс деуге болмайды. Өйт¬¬к¬ені, үлкенді-кішілі кез келген елді мекен мұнсыз дами алмайды. Бір сөзбен айтқанда, бас жоспар адам¬дарға қолайлы әрі ыңғайлы орта қалып¬тастыру деген сөз. Ал мұндай орта оларға сапалы өмір сүріп, алаңсыз еңбек етуі үшін аса қажет. Негізінен алғанда қаланың бас жоспары ұзақ мерзімге, нақ¬тырақ айтқанда, алдағы 20-30 жылға болжамдар жасау арқылы жасалады. Атап айтсақ, Шымкент қаласының бас жоспар жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Осыған орай, бірегей мұраны сақтау үшін және қаланың сәулеттік-көркемдік келбетінің деңгейін жақсарту, дамыту үшін Шымкент қаласының бас жоспар жобасына түзету енгізу жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі таңда, жобалаушы мекеме бас жоспар жобасының барлық жобалық құрамы жобаланып, қалалық мәслихатқа  ұсынылып келісім алынды, - дейді басқарма басшысы.

Бас жоспар енді Үкіметке жолданып, арнайы қаулысы шыққан соң, құжат қабылданады. Бас жоспарды әзірлеуде тұрғын үй қорының жағдайы, халықтың орналасу тығыздығы, әлеуметтік-мәдени нысандардың орналасуы және басқа бағыттар бойынша талдау жүргізілген. Жобаны әзірлеуде инфрақұрылым нысандарының тұрғындар үшін барынша қолжетімділігі ескерілген.

Шымкент қаласында «Көрме» орталығында өткен қоғамдық қабылдауға 200 тұрғын қатысты
Шымкент қаласында әлеуметтік қызметтер порталының мүмкіндігі артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу