Шымкент қаласында балалар алаңдары салынып, пайдалануға берілуде

Oinet.kz 26-06-2023 146

Шымкент қаласында спорт мектептері мен ойын алаңдары құрылысын салуға ерекше мән беріліп келеді. Ол қаланың бас жоспарынан да көрініс тапқан. Дегенмен жөндеуді қажет ететін нысандар да жоқ емес.

Screenshot_33.jpg

Мәселен, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қала тұрғындарымен өткізген кездесулерінде де осы мәселе көтеріліп қалып отырады. Атап айтсақ, Абай аудандық Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары қала әкімінің бірыңғай қабылдауында №54 жалпы орта мектебінің спорт залының апатты жағдайын ретке келтіруді сұраған болатын. 

Жоғарыда аталған мектепте екі мыңнан астам оқушы білім алады. халықтың өтінішін өз бақылауына алған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен аталған мектептің спорт залы бүгінгі таңда жөндеуден өтіп жатыр. Осылайша жаңа оқу жылына шағын аудан тұрғындары көтерген мәселе оң шешімін табуда.   

Бұдан бөлек, жуырда Тұран ауданында қаланың бас жоспарына сәйкес салынған 3 ойын алаңы балалардың игілігіне берілген еді. Елордамыз Астана күні мерекесінда ашылған салтанатты іс-шараға қала әкімі де қатысып, шағын аудан тұрғындарының қуанышымен бөліскен еді.   

Ондағы құрылыс жұмыстары бір ай көлемінде жүргізілген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы нысандарды аралау барысында мердігер мекемелерге ойын алаңшасының құрылысы сапалы, әрі дер кезінде орындалуын тапсырған болатын. Сол нысан межеге сай Мангельдин көшесі бойындағы № 36 үйдің ауласында салынған балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде ашылып, аудан тұрғындарының игілігіне берілген болатын. Сонымен қатар осы шағын аудандағы Исмаилова көшесі №24 үй және Арғымақ елдімекеніндегі балалар ойың алаңшалары да балалар үшін қолдану игілігіне берілген еді.

- Елордамыз Астана күні мерекесінде қалада Тұран шағын ауданынан бөлек, 11 шағын ауданда осындай балаларға арналған спорттық ойын алаңшалары ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл біріншіден балалардың қуанышы болды. Онда балалардың ойнағанын көрсеңіз. Осының барлығы да балалар үшін, бұқаралық спортты дамыту үшін жасалып жатқан игі іс. Бұл бастама мұнымен тоқтап қалмақ емес, бұдан кейін де өз жалғасын табатын болады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Жалпы осы күндері Еңбекші ауданында да балалар ойын алаңы тапсырылған болатын. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Еңбекші ауданына қарасты Ш.Уәлиханов көшесі №188 Б көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасы орнатылды. Шағын аудан тұрғындары балалармен бірге қуанышқа бөленді. Жалпы биыл Еңбекші ауданы аумағында 29 балалар ойын алаңшасы, сонымен қатар 7 кешенді балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылуда.

Шымкент қаласындағы Таскенде тоғыз көшеге асфальт жабыны төселуде
Шымкент қаласында спорт нысандары көптеп бой көтеруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу