Шымкент қаласында ашық аспан астындағы спорт алаңдары көптеп салынуда

Oinet.kz 27-06-2023 102

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытуға барынша көңіл бөлінуде. Соның нәтижесінде қала аумағында ондаған спорт алаңдары ашылып ел игілігіне пайдалануға берілуде. Оның өызығын ең алдымен жастар көруде. Жаңа спорт алаңдарының соңылып, ашылуына қуанып жүргендер де осы жастар. Жуырда Тұран ауданында тағы бір жаңа спорт алаңы ашылған болатын. 

Screenshot_35.jpg

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің елдімекендердің инфрақұрылымы және баршаға қолжетімді спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы аумағы кезекті жаңа спорт алаңшасымен толықты. Аталған ауданға қарасты Тұран шағын ауданындағы Алатау батыр көшесінен ашық аспан астындағы спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары бір айда аяқталып, таяуда тұрғындар игілігіне пайдалануға берілген еді.

-  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында біліммен қатар денсаулық және салауатты өмір салтын қалыптастыруда бұхаралық спорттың маңызының зор екенін айтып келеді. Қазір спортта жеткен жетістіктеріміз аз емес. Оның барлығы бұқаралық спортқа көңіл бөлудің нәтижесі. Бүгінде бұқаралық спорт түрлері Шымкент қаласында жақсы дамып келеді. Нәтижесі де жоқ емес. Жуырда өткен Әлем және Азия ойындарында Шымкенттік спортшылары үлкен жетістіктерге қол жеткізген болатын. Бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып отырған қала тұрғындарының саны жылсанап артып келеді. Мына жаңа ашылып отырған нысан спорт сүйер қауымы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Өңірімізден шыққан спортшылар қатары әлі де жастармен толығатынына сенім мол, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Спорт – елімізде денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақты өсіріп шынықтыруға септесер жүйе. «Спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып келеді. Қаламызда бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы жыл сайын қала аумағын абаттандыру барысында жаңа спорт және ойын алаңшалары қатары артатын болады. Атап айтсақ, осы жылы Қаратау ауданында  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында балалар ойын алаңшасынан бөлек заманауи үлгідегі жеті ашық спорт алаңдарын салу көзделуде», -дейді қала әкімі. 

Жалпы соңғы жылдары қала аумағын абаттандыру жұмыстары аясында салынып жатқан ашық аспан астындағы спорт алаңшарары, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына себі тиюде.  

Шымкент қаласында спорт нысандары көптеп бой көтеруде
Шымкент қаласы таза ауыз су, жарық және көгілдір отынмен қамтылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу