Шымкент қаласындағы Мирас пен Шапағат шағын аудандарында кәріз құбыры тартылуда

Oinet.kz 01-07-2023 180

Шымкент қаласындағы 81 шағын ауданның 24-і кәріз құбырлары жүйесімен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз жүйесін қамту мақсатында жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізілуде. 

Screenshot_51.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Осыған дейін жұмыстардың 80 пайызы аяқталған. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында, «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы, қоғам игілігіне және құрылыс, сәулет саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер аталып, оған қатысты тапсырмалар берілгені белгілі. Жалпы бүгінгі адам үшін ең керегі жайлылық. Яғни, алаңсыз жұмыс істеуі үшін жайлылық керек. Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және әрбір адамның жұмысты істеуіне қолайлы жағдай жасау. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде аймақта табысты іске асырылуда. Қазіргі таңда шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен құрылыс саласында көптеген жобалар іске асырылуда. Соның бірі кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары. Бұл саладағы жүйені жаңарту мен жаңғыртуға отандық және шетелдік инвесторлар тартылған. алдағы уақытта олардың көмегімен қаладғы кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін арттыру жоспарлануда, - дейді қала әкімі.

Қала басшысының айтуынша жоғарыда аталған елдімекендерге канализациялық желілерді тарту бағытында 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынған болатын. Кәріз жүйесі жұмыстарының құрылысына арнайы қаражат 2021-2023 жылдар аралығында бөлінгендіктен, қазір мұнда мердігер мекема тарапынан жұмыстар қарқынды жүруде.

Сонымен қатар биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 пайыздан 65 пайызға арттырылмақшы. 

Шымкент қаласында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім бар
Шымкентские школьники стали призерами международного конкурса в США
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу