Шымкент қаласында таза ауызсумен қамту жұмыстары 6 су нысанында жүргізілуде

Oinet.kz 04-07-2023 120

Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында бүгінгі таңда 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, құрылыс жұмыстары Құрсай, Қайнарбұлақ, Сайрам және Еңбекші аудандарында жалғасуда. 

Screenshot_3.jpg

Соның ішінде Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Оның жобалаушысы «Батыс Алға LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын жобаға сәйкес жүргізілуде.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында 2025 жылға дейін елімізде таза ауызсу мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі. Яғни, алдағы үш жылда қалалар 100 пайыз, елдімекендер 80 пайызға дейін таза ауызсумен қамтылуы тиіс. Жолдауда айтылған «Ақбұлақ» бағдарламасы да шаһарда өз шешімін тауып, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Қазіргі таңда таза ауыз сумен қамтылған қалаға қарасты аудандар мен елдімекендер саны едәуір артқан. Су – тіршілік көзі. Қоғамдағы барлық тіршілік салалары үшін су ресурстарының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Елімізде осыдан 12 жыл бұрын басталған «Ақбұлақ» бағдарламасы соңғы үш-төрт жылдың көлемінде қарқын алғаны белгілі. Ол «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары және «Ауыл – ел бесігі» жобалары аясында жүзеге асырылуда, - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Бұдан бөлек, жобаның 3-ші кезеңіне жобалаушы мекеме «Redline Pro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, серіктестік тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлген. Қазіргі таңда, оның құрылыс жұмыстарын «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске асыруда. Жоғарыда аталған құрылыс жұмыстарын осы жылдың IV тоқсанында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. 

Осы жылдың қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген жағдайда, шаһарда тағы да 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Биыл Шымкент қаласы бойынша таза ауыз сумен қамту көрсеткішін 98,5 пайыздан 100 пайызға жеткізу жоспарланған. 

Шымкент қаласында 40 жыл күрделі жөндеу көрмеген емханада жөнделуде
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыс ауқымды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу