Шымкент қаласында «Жастар тәжірибесі» жобасы өз нәтижесін беруде

Oinet.kz 06-07-2023 113

Шымкент қаласында «Жастар тәжірибесі» жобасы іске асырылуда. «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында іске асырылып жатқан жобаның қатысушылары бүгінде көп. Соның бірі Аружан Аманжолова. Аружан өткен жылдың шілде айында «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Залалсыздандыру орталығына» жұмысқа орналасқан. 

Screenshot_12.jpg

«Бүгінгі таңда Халықты жұмыспен қамту бағытындағы маңызды шаралардың бірі жастарды жұмыспен қамту болып табылады. Президент өз Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін айтады. Сол жобаның шапағатын көрген мен «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында өзімнің білім алған мамандығыммен жұмысқа орналастым. Кәсіби қабілеттерімді дамытып, әріптестерімнің қолдауымен жаңа дағдылар қалыптастырудамын. Бағдарлама мен сияқты жастардың жұмысқа орналасып, маман ретінде дамуына үлкен мүмкіндік», - дейді Аружан Талғатбекқызы.

Ал Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлының айтуынша, «Жастар тәжірибесі» жобасының негізгі мақсаты - 35 жастан аспаған жастарды, оның ішінде иеленген мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту. 

-Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатындықтан, Президенттің Жолдауларында халықты, соның ішінде жастарды тұрлаулы жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Жолдауға сәйкес халықты жұмыспен қамту бағытындағы жаңа саясат тетіктері белгіленіп, оны жүзеге асыруда жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда Аружан Аманжолова сияқты көптеген жастар жұмыспен қамтылып, тәжірибе жинауда. Олар ертеңгі еліміздің білікті маманы болатындығына сеніміміз мол, - дейді Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы.


Шымкент әкімінің орынбасары М.Исахов Шымсити шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты
Шымкент қаласында жастардың баспанамен қамтылуына мүмкіндік мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу