Шымкент қаласында 6 білім ошағы республикадағы 100 үздік олимпиадалық мектеп қатарына енді

Oinet.kz 07-07-2023 191

Шымкент қаласында Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының Республикалық кезеңінің  қорытындысы нәтижесінде 100 Үздік мектептің рейтінгісі анықталып, оған Шымкенттің 6 білім ошағы еніп отыр. 

Screenshot_18.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, 2022-2023 оқу жылындағы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытында Республикалық жалпы білімдік пәндер олимпиадасының қорытындысымен 100 үздік мектеп қатарына енген білім мекемелерінің бұл табысы үлкен жетістік. Ол білім мекемелерінің қатарында «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты, «Білім-инновация» қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 ІТ мектеп-интернаты, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы және Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы бар. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында білім саласына елеулі көңіл бөлінген. Мемлекет білімді де, дарынды балаларды қашанда қолдауға дайын. Бүгінде түрлі республикалық жарыстар мен байқаулардан жүлдемен оралып жатқан оқушылар қаланың білім деңгейінің жоғары екенін республикаға танытуда. Бұл жетістік – қала педагогтерінің оқушыларға ғылыми жоба жұмысын жасауды үйрету, жеткізу және олимпиадаға дайындау, жоғары кәсіби білім мен біліктілікті талап ететін ерен еңбектерінің нәтижесі, - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада, ғылыми жобалар байқауының  республикалық кезеңінде ерекше нәтижеге қол жеткізген ұстаздарымыз мен оқушыларға қала басшылығы мен білім басқармасы тарапынан лайықты марапаттар берілді. 

Қала билігі аталған білім ошақтарының жұмысын жоғары бағалап отыр.

Шымкент қаласында жастар мен төтеншеліктер судағы сақтық шараларын ұмытпауы ескертті
Шымкент қаласындағы «Нұрсәт» шағын ауданында оқушылар сарайы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу