Шымкент қаласындағы Бозарық саяжайындағы көше жолдарына асфальт жабыны төселуде

Oinet.kz 10-07-2023 210

Шымкент қаласында жол құрылысы жұмыстары бүгінгі таңда қарқынды жүргізілуде. Мәселен, бүгінгі күні қаланың Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайының бірқатар көшесіне асфальт жабыны төселуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жалпы биыл қаладағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 243 нысан яғни, 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде Бозарық саяжай аумағы да бар. 

Screenshot_12.jpg

Қала әкімі аталған аумақта болып, ондағы Қалқаман, Мамыр, Құдірет көшелеріндегі асфальттеу жұмыстарының барысымен танысқан болатын. Ондағы асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 3 шақырымды құрайды. 

- Мемлекет басшысы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Жалпы елімізде 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бүгінде бұл бағытта қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар баршылық. Сол бағдарламалар аясында қала ішілік мәндегі автомобиль жолдарын орта және күрделі жөндеуден өткізілуде. Жалпы жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 11,4 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Асфальт жабынын төсеу құрылыс жұмыстары Егемен Қазақстан, ПК Асар, Наркеткен,  Саяжай, Алмасқылыш, Балқадиша, Айқаракөз, Өскен өнір,  Ерлік тау, Көрімдік, Сұлутау, Буғынай. Шидерті, Арғанаты, Бурма көшелерінде атқарылатын болады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылысты өндірістік кестеге сай жүргізіп, сапасыздықты алдын алу бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Көшелерді жол қозғалысына қолайлы етіп, қауіпсізді қамтамасыз етуді ескертті. 

«Қала ішілік көше жолдарымен қатар бүгінгі таңда көше жарығын орналастыру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Шаһардағы мекемелері мен тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігі осы автомобиль жолдары мен электр желісі мекемелерінің атқарып жатқан жұмыстарына тығыз байланысты. Қаламыздың техникалық прогресінің алға басуына, мекемелердің және тұрғындардың жайлы жолмен қатынауына, таза ауыз су тұтынуына, электр қуатымен қамтамасыз етілуіне қала билігі жауапты. Осы мақсатта алдымызға үш жылдық жоспар құрылып, тиісті жобалар қабылданып отыр», дейді қала әкімі.

Шымкент қаласындағы Бозарық индустриялдық аймағын биыл инфрақұрылыммен толық қамту көзделген
Шымкент қаласында жаңа құрылған мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу