Шымкент қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті

Oinet.kz 13-07-2023 274

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданының жастар ресурстық орталығы, Еңбекші ауданы әкімдігі мен Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен дала өрттерінің алдын алу, сақтық шараларыны күшейту бағытында оқу-жаттығу жиыны мен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлының айтуынша, бұл оқу жаттығуға оннан аса өрт сөндіру техникасы мен №2 өрт сөндірі бөлімінің барлық қызметкері мен елуге тарта жастар жасағының өкілдері қатысқан.

- Сақтық шараларын, табиғатымызды өрттен сақтау маңызды. Өйткені Шығыс қазақстанда орын алған өрт жағдайы барлығымызға сабақ болды. Сондықтан да өзіміз тұратын өңірдің табиғатын қорғау әрбір азаматтың, соның ішінде жастардың азаматтық, патриоттық борышы деп білем. Бүгінгі оқу-жаттығуға елуге тарта жастар мен жастар жасағының өкілдері қатысып, белсенділік танытуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды», деп атап көрсеткен еді. Президент сондай-ақ бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасы өңірде кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Біз бір жағы қаламыздың көріктендіру, көгеріштендірілуімен айналыссақ, екінші жағынан оны табиғи, кездейсоқ өрттен қорғауымыз керек, - дейді ол.  

№2 өрт сөндіру бөлімі ғимаратында өткен оқу-жаттығу жиынында, өртті сөндіру, техника құралдарын дұрыс пайдалану жолдары көрсетіліп, өртке қарсы құрылымдарының іс-әрекеттерін пысықтау жұмыстары өтті.   Сонымен қатар, аудан аумағындағы «Тоғыс» елді-мекенінде орналасқан «Холодильник» демалыс аймағында  суға шомылу кезеңіндегі сақтық пен өзгеде төтенше жағдайлар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

- Адам өмірін құтқару – жоғары және жауапты міндет. Қазіргі жағдайда қиын жағдайға тап болғанда адамға қол ұшын созу кез келгеннің қолынан келе бермес. Өзгенің өмірін сақтау үшін өз жанын шүберекке түйіп қызмет етіп жүрген азаматтар қандай мадаққа да лайықты. Бір адамның өміріне арашашы болғаныңды сезінудің өзі үлкен бақыт емес пе?! Қызметің қоғамға шынымен пайда әкелсе, бұқараның қауіпсіздігіне титімдей үлес қосса, демек, дұрыс жолда жүрсің деген сөз. Бүгінгідей шым-шытырық заманда құтқарушылар тек өрт ортасынан табылады деп ойласақ, қателесеміз. Олар небір тосын шақыруларға шығып жатады, - дейді оқу-жаттығудың қатысушысы, «Жасыл белдеу» жобасының мүшесі Марат Диас. 

Шымкент қаласында жас кәсіпкер қораптар әлемі ашып, жастарды жұмыспен қамтуда
Шымкент қаласында елді мекендер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу