Шымкент қаласында Шапырашты каналының бір бөлігі пайдалануға берілді

Oinet.kz 13-07-2023 300

Шымкент қаласында Шапырашты каналының құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бұл Шымкент қаласының Шапырашты тұрғын алабының шаруалары үшін қуанышты жаңалық болды. Елді мекендегі каналдың ауқымды бөлігінің құрылысы аяқталып, су келе бастады. Өткен жылдың маусым айында басталған күрделі жөндеудің нәтижесінде су арнасы терең қазылып, айналасы бетондалған. 

Screenshot_9.jpg

Ел игілігіне берілген канал 500 гектар алқапта орналасқан егістікті ағын сумен қамтуға қауқарлы. Шіліңгір шілдеде диқандар судан тапшылық көрмеуі үшін арнаның белгілі бір бөлігі ғана іске қосылып отыр. Су арнасына күрделі жөндеу жасаған «Шах құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестіктің Шымкент қаласы бойынша филиалы директоры Сәтсан Сәрсенбиевтің айтуынша, жобаны толықтай пайдалануға беру мерзімі тамыз айына жоспарланған. 

– Бұрынғы су арнасының өткізгіштік қабілеті шаруалардың егіс алқабына жетпейтін. Жаңадан қазылып, бетондалған каналдың ұзындығы 6,8 шақырым, тереңдігі 1,5 метр, ені 3 метрді құрайды. Өткізгіш қабілеті де ұлғайып, 1,5-2 текше метрге жетті. Қазіргі бөлігі, яғни 5,3 шақырым аумағы 500 гектар жерді суарса, қалған 1,5 шақырымы пайдалануға берілгенде су жеткізу қуаты 800 гектарға жетеді.  Құрылыстың жобалық құны үшін 452,7 миллион теңге бөлініп, оның 220 миллион теңгесі өткен жылы игерілді. Қалған бөлігі биылғы жұмыстарға арналған. Қазір каналдың соңғы аумағында құрылыс жалғасып жатыр. Тамыздың соңына дейін жобаны өз мерзімінде пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – дейді ол.  

Бұл канал «AMANAT» партиясының қалалық филиалының да бақылауында болған еді. Партиясының 2023 - 2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын әзірлеу барысында халықтың ұсыныс-тілектері жинақталып, партиялық бақылуға алынған. Шапырашты тұрғындары жаз мезгілінде бау-бақшасын суғаратын ағын судың тапшылығынан, маңайдағы алқаптарды пайдалана алмайтын айтып өтініш жасаған. «Сайлаушылардың өтініші негізінде «Шапырашты» каналынының су өткізу қабілеттілігін, сыйымдылығын арттыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгін қолданысқа беріліп отыр», дейді қалалық партия төрағасы Бахадыр Нарымбетов.

– Сайлау науқаны кезінде тұрғын алап халқы каналдың мәселесін көтерген болатын. Тұрғындардың ұсынысын зерттеу барысында анықталғандай, жердің көлеміне беріліп жатқан су жеткілікті болуы керек. Алайда, су арнасы таяздалып, айналасын қалың шөп басып, одан қалса 1 текше метр су егіс алқабына дейін жерге сіңіп кетуінен тапшылық орын алған екен. Партия тарапынан шаруалардың талап-тілегін бір жыл ішінде шешілуі үшін тиісті басқармаға ұсынып беріп, оның орындалуын бақылауға алдық. Биыл диқандар осы су арнасына сеніп, егін егіпті. Арнадан аққан суды көріп, қуанып отыр. Біз әрқашан халықтың ұсынсын жүзеге асыру жолында алтын көпір болуға дайынбыз, – деді «Amanat» партиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы төрағасы Бахадыр Нарымбетов. 

Шымкент қаласында елді мекендер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуда
В Шымкенте развивают детский туризм
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу