Шымкент қаласындағы Темірлан тас жол бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қас беті жаңартылуда

Oinet.kz 15-08-2023 128

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлы жүріп тұруына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында  мегаполистегі басты жолдардың бірі Темірлан тас жолына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, Абай ауданына қарасты аталған тас жолдың бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірнеше бағыттағы жұмыстар нақтыланған.  

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы қала мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру. Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені де белгілі. Сонымен қатар қаланың бас жоспарында көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, әлеуметтік, кәсіпкерлік құрылыс нысандарының сәулеттік шешімдерін қарастыру, негізгі көшелердің бойындағы сауда дүңгіршектері, аялдамалар, жарнамалар, билбордтар, кіші сәулеттік формаларды қала құрылысы нормаларына сәйкес орналастыру мәселелері қамтылып, нормативтік құжат ретінде бекітіледі. Осы жобаның негізінде қолданыстағы ғимараттардың сыртқы қас бетін ретке келтіру, сәулеттік келбетін көркейту мәселесі қолға алынатын болады. Бүгінде қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, жол бойында орналасқан нысандардың қас бетін қалыпқа келтіру белгіленген тәртіппен бас жоспарға сәйкес іске асырылуда, - дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Темірлан тас жолы бойында 131 кәсіпкерлік нысандар орналасқан. Оның ішінде бір әмбебап базары, 3 мешіт, 8 авто көлік сату орталығы, 2 ірі сауда орталығы, 12 тойхана, 13 мейрамхана, техникалық қызмет көрсету орталықтары және ірілі ұсақты дәмхана мен әмбебап дүкендері жұмыс істеп тұр.  

Қазіргі таңда аталған кәсіпкерлік нысандардың жол бойында орналасқан авто көлік тұрақтары, аулалары мен қас беттерін (фасад) реттеуді қажет ететіндері 30 пайызды құрайды. Бұл нысандар қазіргі уақытта жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмей, авто көлік тұрақтары мен аулаларын абаттандырып, нысанның қас беттерін жаңартып, реттеуге өз келісімдерін беріп отыр.  

Шымкент қаласында 350 орындық емхана салынып, 250 орындық аурухана жөнделуде
Шымкент қаласында бес су арнасы күрделі жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу