Шымкент қаласында шиналарды өңдейтін зауыт резеңке жабындыларын шығаруда

Oinet.kz 20-08-2023 472

Шымкент қаласында өнеркәсіп өндірісін жолға қойған кәсіпорындар қатары артып келеді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шаһардағы  «ЭКО Шина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шиналар және құрамында резеңке бар қалдықтарды кәдеге жаратып, қайта өңдеуде.

Screenshot_19.jpg

Ол, «ЭКО Шина» компаниясы еліміздегі ең ірі зауыттардың бірі. Кәсіпорын 2009 жылдан бері қала аумағында жұмыс істеп келеді. Зауытта бұған дейін пайдалануда болған тұрмыстық және автомобильдердің доңғалақтары шиналарды жинап өңдеу арқылы резеңке бұйымдар өндірумен айналысады. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Жалпы өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Мәселен, мемлекеттің қолдауының аясында өзінің шикізатын пайдалана отырып, «ЭКО Шина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі резеңке еден жабындарын шығарумен айналысады. Резеңке жабыны - заманауи құрылыста өз орнын берік алған және ашық және жабық спорттық және аулалық ойын алаңдары үшін ең қолайлы заманауи, ыңғайлы жабын болып табылады, - дейді қала әкімі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2023 жылы «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамынан көмір брикеттерін өндіруге арналған құрал-жабдықтарды алу үшін жылдығы 21,75 пайызды құрайтын қаражат алды, ал оның 14,75 пайызын «Даму» қоры субсидиялап отыр.  

Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілзаттың жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді, ал қалған 8 пайыз кәсіпкер төлейді. Қалдықтарды басқару саласында жұмыс істей отырып, кәсіпорын істен шыққан шиналарды жойып, аймақтың экологиялық қауіпсіздігі мәселесін шешеді, халық тұтынатын тауарлар өндірісінде қайталама шикізатты пайдалану арқылы ресурстарды үнемдеу бағытын дамытады.

Шымкент қаласында жас кәсіпкер 10 адамды жұмыспен қамтып отыр
Шымкент қаласында биыл 15 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу