Шымкент қаласында шағын аудандарға таза ауыз су жүйесі тартылуда

Oinet.kz 16-08-2023 207

Шымкент қаласында бірнеше шағын ауданға таза ауыз су жүйесі тартылуда. Соның бірі – Құрсай елді мекені. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Құрсай елдімекенде жүргізіліп жатқан магистралды суаққы және ауыз су жүйесінің құрылысымен арнайы танысқан болатын.
Screenshot_29.jpg

Абай ауданына қарасты Құрсай елдімекенінің тұрғындары таза ауыз суды кестемен тұтынып отырған шағын ауданның бірі. Сондықтан шағын аудандағы 4900 абонентті құрайтын 25 мыңға жуық халықты сапалы таза ауыз сумен қамту мақсатында 2020-2021 жылдар аралығында 2 кезеңдік жоба түзілген. Ондағы мақсат Құрсайға тартылатын магистралды суаққы және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында халықты таза ауыз сумен қамту мәселесін 2025 жылға дейін шешуді тапсырды. Бұл бағытта шаһарда қолға алынған жұмыс өз нәтижесін беруде. Жоғарыда айтылған екі нысанның да жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, бастапқы сатысы мердігер мекеме «Риголит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 2021 жылы басталған. Бірінші кезең бойынша су жүйелерінің ұзындығы 185 шақырым. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің жұмысы 98 пайызға орындалған. Ал екінші кезең бойынша су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым, орындалған жұмыс көлемі 97 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта Құрсай шағын ауданында жеткізуші магистралды суаққының және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы қарқынды түрде жүруде, - дейді қала әкімі.

Жалпы елдімекендегі құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына аяқтау жоспарланған. Алдағы айда Құрсай шағын ауданы толыққанды сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерге ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар мұндай құрылыс жұмысы қаладағы Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елдімекенінде де жүргізілуде. Мұнда 60 мыңнан аса халық тұрады. Қазіргі таңда онда бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатар тартылуда. 

Мұндағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілуде. Мердігер мекеме тарапынан бүгінгі күнге дейін 310 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 80 пайызы орындалған.  Нысанда қазіргі таңда қазба жұмыстары жүруде. Жалпы жоба бойынша нысан құрылысын 2023 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Қала әкімі мердігер мекемелерге жұмысты сапалы, әрі жылдам орындауды тапсырып отыр екен. 

Шымкент қаласындағы Сәуле шағын ауданында табиғи газ тарту мен жаңа саябақтың құрылысы жүргізілуде
Шымкент қаласында биыл 60 мыңға жуық абонент канализация жүйесіне қосылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу