Шымкент қаласында трансформатор және генератор шығару зауыты салынуда

Oinet.kz 15-08-2023 207

Шымкент қаласындағы индустриалдық аймақтарында жүйелі жұмыстар жасын табуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қазіргі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «ЭСМА Электрик» кәсіпорны трансформаторлар мен генераторларды өндіру жобасын іске асыруда.

Screenshot_31.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында кәсіпкерлік саланы дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шараларымен бірге мемлекет бизнеске көмек көрсету бағдарламаларын жалғастыра беретінін айтқан болатын. Бұл бағытта қаланың индустриалдық аймақтарында жүйелі жұмыстар жасалуда. Сондай-ақ, инвестиция және кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелер қала билігінің тұрақты бақылауында. Қазір үшінші мегаполистегі ең ірі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «ЭСМА Электрик» кәсіпорны трансформаторлар мен генераторларды өндіру жобасын іске асыруда. Жобаның инвестициялық көлемі 1 019 миллион теңгені құрап, 150-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты жылына 2,5 мың дана дайын өнімді шығарады. Зауыт 2024 жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарлануда, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Қала әкімінің айтуынша, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бұдан бөлек, «ALTYN BOX» кәсіпорны картон қағаздан жасалған бұйымдар өндіру жобасы іске асырылуда. Ол жобаның инвестициялық көлемі 100 миллион теңгені құрайды және 20-ға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты жоғары. Зауыттың іске қосылу мерзімі 2024 жылы жоспарланған. Дайын өнімді ішкі нарықта да, экспортқа да сату жоспарлануда. 

Қазіргі таңда жоғарыда аталған зауыттың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде және жер жұмыстары жүргізілуде. Жалпы индустриалды аймақта инвестиция сомасы 58,4 миллиард теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылып, 2 507 жұмыс орны ашылған. 

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес бүгінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 миллиард теңге болатын 56 жобадан тұрады, олар 5 582 жұмыс орнын құруды көздейді.

Шымкент қаласында биыл 60 мыңға жуық абонент канализация жүйесіне қосылады
Шымкент қаласындағы Бадам-1 мен Қаратөбе тұрғын алқаптарында жол салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу