Шымкент қаласында инфрақұрылым желілерінің қуаты арттылуда

Oinet.kz 12-08-2023 109

Шымкент қаласында күнделікті тұтынатын таза ауыз судың тәуліктік қажеттілігі 323 мың текшеметрді құрайды. Бірақ оның бүгінгі күнгі қуаты бар болғаны 273 мың текшеметр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, аталған мәселені шешу үшін қуаттылығы 91 мың текшеметрді құрайтын Көмешбұлақ магистралды суаққысы салынып, таза ауыз сумен қамту қуаттылығы 2030 жылға дейін толық шешу жоспарланған.

Screenshot_38.jpg

Ал шаһардың электр қуаттылығына деген нақты қажеттілігі тәулігіне 455 мегеват болса, қолданыстағы қуаттылық 330 мегават. Қажеттілікті шешу мақсатында, 220 мегаватты құрайтын Бозарық қосалқы стансасы салынып, электр қуаттылығы мәселесі 2025 жылға дейін шешімін таппақ. Ал бүгінде Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің  472 көшесі жрықтандырылған. Бүгінгі таңда жарықпен қамтылған көшелер 63 пайызға жоғарылаған. Сондай-ақ, биыл 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда, 6 айдың қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамалар толық әзірленіп, 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Табиғи газ қуаттылығының нақты қажеттілік тәулігіне 270 мың метр текшеметр болса, қолданыстағы қуаттылық 180 мың текшеметрді құрайды. Осы бағытта 250 мың текшеметрді құрайтын жаңа АГРС құрылысын іске асыру арқылы, 2030 жылға дейінгі табиғи газ қуаттылығы мәселесі шешу көзделген. 

- Бүгінде қала бойынша қолданыстағы 150 мың текшеметрді  құрайтын кәріз тазарту стансасы толық қуаттылықта жұмыс істеп тұр. Мәселені шешу мақсатында, кәріз тазарту стансасының қуаттылығын 200 мың текшеметрге кеңейту жұмыстарын жыл соңына аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, жеке инвестор есебінен жаңа әуежай терминалы мен темір жол вокзалы құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде әуежайдың жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2000 адамға, темір жол вокзалы тәулігіне 2 000 адамнан 6000 адамға дейін артатын болады. Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама аясында 216 жобаға қолдау көрсетіліп, 568 жаңа жұмыс орындары ашылған.  Республикада алғашқылардың бірі болып, қаладағы барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды. 500 орындық жаңа заманауи Оқушылар сарайы құрылысы пайдалануға берілді, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Шымкент қаласындағы «Бозарық» индустриялық аймағы биыл іске қосылады
Шымкент қаласында ұлттық жоба аясында жұмыссыздар жұмыспен қамту шараларына тартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу