Шымкент қаласындағы Базарқақпа тұрғын алқабындағы көшелерге асфальт жабыны төселуде

Oinet.kz 07-08-2023 136

Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және сапалы жол салу мақсатында, қалаға қосылған тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты бүгінде Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрғын алабының бірқатар көшелері асфальтталуда.

Screenshot_48.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда  Кеңгір, Қараөткел, Балқан №2,3,4 көшелеріне мердігер мекемелер тарапынан жол салу жұмыстары жүріп жатыр.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Жол күре тамыр. Бұл бағытта қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар баршылық. Бүгінгі таңда қала аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальтбетон жабындысы бар жолдың ұзындығы 2189,5 шақырым. Ал 935,6 шақырым жолға шағал тас төселсе, 122,5 шақырымы топырақ жол. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1 пайыз, - дейді қала әкімі.

Бұдан бөлек, осы шағын аудандағы Сазқұндыз көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салынып, асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Алай көшесі арнайы техникалармен тегістеліп, шағал тас төсеу жұмыстары басталған. 

Құрылыс болған соң кемшіліктер де болмай тұрмайды. Қала әкімі бірінші кезекте сапаға мән беруде. Құрылыс нысандарын аралау барысында кеткен кемшіліктер билік тарапынан ескерусіз қалмаған. Қала әкімінің айтуынша, құрылыс нысандарын аралау барысында ондаған кемшілік анықталып, дер кезінде жойылған. Жалпы құрылыс саласының қай бағытын алып қарасақ та ілгерілеу бар. Дегенмен жыл соңына дейін Базарқақпа тұрғын алабында 6.6 шақырымды құрайтын 11 көшеге асфальт жабыны төселіп ел игілігіне берілетін болды.

Шымкент қаласында Конгресс-холл ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын
Шымкент қаласында құс қалдықтарынан биоотын дайындау жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу