Шымкент қаласында 760 адамды қысқа кәсіптік курстарда оқыту жоспарлануда

Oinet.kz 24-12-2022 124

Шымкент қаласында қала тұрғындарын жұмыспен қамту шаралары жалғасуда. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсіптік сала мамандарының тапшылығы байқалады екен.

Screenshot_16.jpg

«Қазіргі таңда жұмыс берушілерден автомобиль жөндеу – дәнекерлеушісі, байланыс желілерінің электриктері, жол-құрылыс көлігінің машинисі, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері мен компьютер және аппаратық құралдарының операторы, көкөніс өсіруші мен мерчендайзарлерге сұраныс өте көп. Халықты жұмыспен қамтумен қатар, отандық өндірісті дамытуға үлкен қолдау ретінде жыл сайын қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылуда. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жолдау биыл қыркүйек айында басталады», дейді ол. 

– Жұмыс берушілерден түскен өтінішке сәйкес, биыл 1500 азаматты оқу ұйымдарында түрлі мамандықтар бойынша оқыту жоспарланған. Кәсіптік оқыту мерзімі – үш ай. Ай сайын  20 948 теңге шәкіртақы мен 2 АЕК, яғни 6900 теңгеден бір реттік материалды көмек төленеді. Оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыз азаматты әлеуметтік келісімшарт негізінде 10 жұмыс күні ішінде мәлімдеген жұмыс орнына кемінде 6 ай мерзімге жұмысқа орналастыруға міндетті, – дейді Балмаржан Полатқызы.  

Биыл «Гаухар», «Shymkent temir», «Beskuduktas», «Кондитерская ПИОНЕР»,  «KARLSKRONS LC AB», «ПожТехМонтаж-СБ», «New Resources Consulting», «Ай Сервис Транс» және «Хадиша Отель» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Самұрық инвест», «Бал Текстиль», «Айдын-energy», «AZALA Textil» сынды жалпы 74 ірі кәсіпорындардан 32 мамандық бойынша оқу ұйымдарында кәсіптік оқытудан өткен жұмыс күшіне өтінім түскен. 

- Жұмыс беруші компаниялардың өтініші бойынша 760 адамды жұмыс орындарында кәсіптік оқыту жоспарланып отыр. Оқу аяқталған соң бітіруші кемінде бір жылға тұрақты жұмыс орнына орналасады. Жұмыс орындарында оқытып, өздеріне жұмысқа қабылдауға ниетті 34 компаниядан 40-тан астам мамандыққа өтінім түскен. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту онлайн платформа арқылы да жүзеге асырылады.  https://skills.enbek.kz/ сайты арқылы бүгінгі таңға 2 жарым мыңнан астам азамат онлайн білім алған. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Үміткердің  мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасында (ИПР) жұмысқа қабілеттілігіне дәрігердің рұқсаты болуы қажет. Жалпы, былтырғы жылы Шымкентте кәсіптік оқыту бағдарламасы бойынша 2134 адам қамтылған, - дейді Балмаржан Нарбекова.

Шымкент қаласындағы М.Әуезов университетінің ғалымдары 17 ғылыми жоба ұтып алды
Шымкент қаласындағы Асар-2 шағын ауданы электр жарығымен қамтылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу